Өскемен қалалық сотында шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында  шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа  жауапкерден материалдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген, ол өзінің талабында  СТ «Светоч» саяжайдындағы үйдің меншік иесі болып табылатын көрсеткен. Аталған мүлік жауапкерге ауызша келісіммен жалға берілген. Жауапкердің салдарынан  өрт шығып саяжайдағы үй өртеніп кеткен. Жауапкермен жазбаша қолхат жазылып, онда ол 300 000 теңгені құрайтын шығынды тараптармен келісілген мерзімде өтеуге келіскен, алайда ол келісілген  міндетті орындамаған.

Сот шешімімен шығынды өтеу туралы талаб арызы  қанағаттандырылды. Жауапкерден талапкердің пайдасына  137 500 теңге және сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі