Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық соты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша М.Кузьмичевке қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта,  М.Кузьмичев алкоголдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені анықталды. 

Сот қаулысымен  М.Кузьмичев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.    

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Үржар аудандық сотының  

баспасөз қызметі