Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Макиенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, В.Макиенко өз пәтерінде отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, үйдің тыныштығын бұзған.

Сотта тараптардың татуласуына орай медиаторлық келісім жасалып, сот отырысы барысында соттан  медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен медиациялық келісім бекітіліп, тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі