Семей қаласының ювеналды сотында «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің  жұмыс уақытында жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізгі принциптері мен міндеттерін, және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелерін талқылады.

Семинар соңында қатысушылар мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылтындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын есте сақтағанымыз жөн деген қорытындыға келді.

 

ШҚО  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының баспасөз қызметі