Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданы №2 сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлімімен жинақталған С.Чотаевқа қатысты әкімшілік іс медиациялық келісіммен қысқартылды.

Сотта анықталғанындай, С.Чотаев  алкогольдік  масаң күйінде өз үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің некедегі жарын балағаттаған, яғни өзінің іс әрекеттерімен өзімімен тұратын отбасы тұрғындарының тыныштығын бұзған.

Сот мәжілісінде тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісімге келгендері жөніндегі келісімді ұсынған.

Сот қаулысымен әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібінде  келісімге келулеріне байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Үржар ауданы №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі