Ар – намысты қорғау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына азамат М.Гудин ар-намыс, қадыр-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы арызымен жүгініді, онда ол В. Брызгин көп пәтерлі үйлер тұрғындарынның жиналысында тек қана тұрғындардың қатысуымен ғана емес, сонымен қатар бөтен адамдардың көзінше былай деді: «Сіздің адалдығыңызды тексеру керек деді.........». Бұл айтылғандар шындыққа жанаспайтындықтан, талапкердің ар-намысы, қадыр-қасиетіне нұқсан келгендіктен жасалған әрекеттерді теріс деп танып, жауапкерді тұрғындар жиналысында өз сөздерін жоққа шығаруға міндеттеуді және  100 АЕК моральдық шығын өндіруді сұрады.

Сот отырысында жауапкердің «Сіздің адалдығыңызды тексеру керек деуі»  талапкердің пайымдық пікірі болып табылатындығы анықталды. Пайымдық пікірлер, ойлар мен нанымдар АК 143 бабымен қарастырылған сот қорғауын көздейтін жағдайларға  жатпайды, олар жауапкердің бұрынғы ПИК төрағасы және осы ПИК-тегі бөлімшенің иесі  М.Гудиннің әрекетіне деген субъективті көзқарасы және пікірі болып табылады.

Сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі