Өскемен қалалық сотында медициналық - әлеуметтік сараптаманы заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

И.Кажимякин «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департамент комитеті» РММ-не медициналық-әлеуметтік сараптаманы заңсыз деп  тану туралы арызбен жүгінді.

Ол арызында комиссия кәсіби еңбеккке жарамдылықтан айырылу (КЕЖА) дәрежесін 24% деп таныған, ал шынында ол 90-нан 100%-ге дейін болу керек деп ұсынды. Жауапкердің өкілі сот отырысында, талап арызды мойындамады және КЕЖА-ды 90-нан 100%-ге дейін көрсетуге комиссияда негіз болмауынан оны қанғаттандырусыз қалдыруды ұсынды.

Шешіммен талапкердің арызы қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі