Сот мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Түсіпова сот мамандары арасында ««Төрелік» Ақпараттық жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында А.Түсіпова «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдануды түсіндірді, тіркеу және карточкаларды толтыру,  деректерді енгізу, ол мамандардың назарын жауап дайындау мәселесіне аударды.

Сонымен қатар, мамандарға тапсырмаларды уақытында орындауды тапсырды. «Төрелік» ақпараттық жүйесі мәліметтермен жедел алмасу қолжетілімділігін қамтамасыз етеді, жоғары дәрежелі сенімділік және автоматтандырылған есеп жүргізу және процесстің мерзімін сақтауын бақылау, статистикалық және аналитикалық есептеме қалыптастыру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдету сияқты тапсырмаларды орындайтындығын атап  айтты.

Семинар соңында мамандар жүйемен жұмыс жасағанда кездесетін мәселелерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.

 

 ШҚО  №1  кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі