Сот жұмысшының еңбек ақысын өндіріп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты еңбек ақыны әрі моральдық шығын өндіру бойынша азаматтық істі қарады.

Сотқа жүгінген С.Крамчанинов «Казахцемент» ЖШС-іне шағымданып, жұмыс уақыты кезінде жауапкермен 795 000 теңге көлеміндегі еңбек ақысының,  544 161 теңге іс-сапарлық шығынының төленбегені, 150 000 теңге зейнетақы аударымдарының аударылмағандығын алға тартады. Сонымен қатар, талапкер 4 жыл бойы еңбек әрі экологиялық демалыс берілмегендіктен және ұзақ уақыт бойы қаражат тапшылығын бастан кешкендіктен моральдық шығынды да талап еткен.

Еңбек Кодексінің 113 бабының 1 тармағына сәйкес еңбек ақы ұлттық валютада ақша түрінде бір айда, келер айдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей төленуі шарт.

Сот шешімімен арыз талаптары ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден талапкер пайдасына  262 675 теңге еңбек ақы, 544 161 мың теңге іс-сапар шығындары, 15 000 теңге моральдық шығын өтемақысы өндіріліп, «Казахцемент» ЖШС-іне жинақтаушы зейнетақы қорына еңбек ақыдан ұсталатын 197 880 теңге міндетті еңбек ақы жарнасын аудару міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі