Шығыс Қазақстан облыстық сотында Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Е.Айтпай Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізді.

Атаулы шараға бөлім басшылары мен сот мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығындағы өзгерістерге  сәйкес 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні деп жарияланған.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясындағы  бес институционалдық реформаларының бірі замануи, кәсіби және автономды мемлекет аппаратын құруға бағытталған.

Е.Айтпай өз сөзінде, мемлекетке қызмет ету қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенімділік білдіру болып табылады  және мемлекеттік қызметкерлердің адамгершілігіне және моралды-этикалық  бейнесіне  жоғары талаптар қоятындығын атап өтті. Қоғам мемлекеттік қызметкердің барлық білімі мен кәсіиби біліктілігін, қызметін өз отаны - Қазақстан Республикасына адал және риясыз қызмет етеді деп санайды. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Мемлекеттік қызметке деген  сенім деңгейінің көрсеткіші және халықтың бағалау критерийі қоғамның басқару қызметінің тиімділігін, мемлекет жүргізіп отырған өзгерістер болып табылады.

Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы бойынша  мемлекеттік қызмет Агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасындағы «2016 жылдың үздік мемлекеттік қызметкері» байқауында қазылар алқасы әр түрлі саладағы 11 мемлекеттік қызметкерлерді анықтағандығын атап өткен жөн.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Сот жүйесінің үздік мемлекеттік қызметкері» номинациясын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің талдау және  жоспарлау бөлімінің бас маманы – Искакова Гүлмира Әлішерқызы иеленді.

Г.Искакова мемлекеттік қызметте 8 жылдам астам уақыт  қызмет етуде. Еңбек жолын Семей қалалық сотының сот мәжілісінің хатшысы – бас маманы қызметінен бастаған.

Шараның соңында Е.Айтпай қатысушыларға қызметте сәттіліктер мен жеміс тілей келе, сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтің дамуына зор үлес қосқандары үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Шығыс Қазақстан

 облыстық  сотының

 баспасөз қызметі