Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты К.Абильмажиновке  қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта Бесқарағай аудандық сотының атқару парағының К.Абильмажиновтан  мемлекет пайдасына 2 081 100 теңге мөлшерінде материалдық шығын өндірілген, борышкер бірнеше рет атқару парағын ерікті түрде орындау жөнінде ескертілсе де, осы уақытқа дейін сот шешімін орындаудан жалтарып келгендігі анықталған.

Сот қаулысымен К.Абильмажинов Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып,  оны  5 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қыметі