Медиацияның даулар мен тұрмыста қолданылуы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дауды реттеудің баламалы тәсілдерінің, оның ішінде делдалдың қатысуымен болатын татуластыру процедуралары орын алатын тәсілдердің маңыздылығы күн санап артып келеді.

Азаматтық істер бойынша медиация процедураларын қолдануды зерттеу мақсатында, тараптар арасындағы конфликтілік деңгейінің төмендеп, медиация тәртібінде дауды бекіту кезінде туындайтын мәселелі сұрақтарды анықтауда Семей қалалық соты Достық Үйінде «Медиацияның даулар мен тұрмыста қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

  Шара модераторлары ретінде Семей қалалық сотының судьялары Қ.Сапинова, А.Баккелдинова баяндамаларын ұсынды. Шараға екінші деңгейлі банк, ломбард әрі шағын несиелендіру ұйымдарының, сонымен қатар тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғам мен Департаментінің өкілдері қатысты. 

Медиация институтын дамытудың маңыздылығы, даулар санын қысқарту, сот төрелігінің уақытылы да сапалы, нәтижелі болуына бағытталған дауды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу Мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының  VI съезінде көтерілген болатын.

Талқылау барысында судья А.Баккелдинова «Медиация туралы» Заңның енгізілуі әрі пайдалануымен байланысты бірқатар мәселелерді алға тартты.

«Заңның 16 бабының 1 тармағындағы талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында  медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес негіздегі медиаторлардың реестрін әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес  әкім жүргізеді және тізім уәкілетті органның қазақ не орыс тілдерінде ғаламтор-ресурсында немесе жұртшылыққа қолжетімді орындарға ілініп, медиаторлар енген сайын жаңартылып отыруы тиіс.  Алайда, барлық жоғарыдағы іс-әрекеттермен аудандық сот төрағалары мен судьялары айналысады.

Нотариустер өз қызметтерінде азаматтарға және заңды тұлғаларға «Медиация туралы» Заңның бар екендігі туралы түсіндірмейді, сенімхат мәтініне медиация туралы келісім өкілдерінің қол қою құқықтары туралы енгізбейді», - дегенді атап өтті өз баяндамасында.

Десек те, ымыраға келтіру процедураларын белсенді түрде тәжірибеге енгізудегі ұйымдар бар, олардың ішінде Семей қалалық сотының төрағасы Т.Қасымовпен  «Жылукоммунэнерго» МҚК-ның жұмысы аталып өтілді.  

Шара соңында коммуналдық кәсіпорын өкілі Ж.Дюсебаевтың атына Алғыс грамотасы табысталды.

 

 Семей қалалық сотының

 баспасөз қызметі