Сотпен екі медиция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты екі іс бойынша сот медиациясын қолданды.

Азамат Б.Жолдыбаев  алкогольдалкогольдік масаң күйінде үйінде жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын зайыбан балағаттап, тыныштығын бұзған. Нәтижесінде  зайыбы полицияға жүгініп,  ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқықбұзушыға әкімшілік іс қозғалған.

Тараптарға медиция рәсімі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, отбасылық келеңсіздіктің екі қатысушысы да медиациялық келісімге қол қойып, соттан істі қысқартуды сұрады.

Екінші іс бойынша талапкер жауапкерге қарызды қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот  мәжілісінде тараптарға медиция тәртібінде дауды реттеу жөнінде түсіндірілді, нәтижесінде тараптар қарызды жабудың мерзімін өзара келісіп, медиция тәртібінде дауды реттеуге байланысты істі қысқарту туралы өтініш білдірді. Азаматтық іс сотпен қысқартылды.

Сот актілері  заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті аудандық № 2 сотының

баспасөз  қызметі