Тараптар сотта татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Стекло-Восток» ЖШС-сі жеке кәсіпкер М.Катинге жеткізу шарты бойынша 1 130 000 теңге көлеміндегі қарызды, сондай-ақ, 33 900 теңге сомасындағы  мемлекеттік баж төлеумен және 90 000 теңге көлеміндегі іс бойынша өкілдің қызметімен байланысты сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот талқылауы барысында, дауды медиация тәртібімен реттеу және аталған мәселені төрағалық етуші судья-медиатордың қатысуымен қарау туралы арыз түсті.

Тараптар келесі талаптар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді: жауапкер М.Катин талап арызға сәйкес 2016 жылдың 20 мамырына дейін 1 130 000 теңге көлеміндегі қарызды және 90 000 теңге көлеміндегі іс бойынша өкілдің қызметін төлейді.

Сотпен іс бойынша іс жүргізу қысқартылды. «Стеклоцентр-Восток» ЖШС-сіне 33 900 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі