Тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Шолковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Шолков отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына анайы сөздер айтып, үйдің тыныштығын бұзған.

Алайда, сотта тараптар татуласып, медиаторлық келісім жасасқанына орай, сот отырысы барысында  аталған медиаторлық келісім негізінде соттан іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен медиациялық келісім бекітіліп, тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі