Көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Грузия азаматы жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Грузия азаматы  М.Копалейшвилиге қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) әкімшілік іс қарады.

Сотта М.Копалейшвили Қазақстан Республикасына 2016 жылдың 26 ақпанында келіп, уақытша Алматы қаласына тіркелген, кейін 2016 жылдың 2 наурызынан бастап 25 мамырына дейін Павлодар қаласына тіркелген, алайда тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағынан кетуден жалтарғаны анықталды.

Соттың қаулысымен М.Копалейшвили ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасауы бойынша кінәлі деп танылып 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі