Алимент төлемеуден жалтарғаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты П.Эбертқа қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта П.Эберт  ШҚО, №2 Зырян аудандық сотының кғәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 919 464 теңге берешек екендігі анықталды.

Сот қаулысымен П.Эберт   Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып,  оны 3 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

 

Семей қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қызметі