Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуде жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК А.Тоқпаевты мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызбен Көкпекті аудандық сотына жүгінген.  

Азамат А.Тоқпаев спирттік ішімдікті жиі қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2007 жылдан бастап, нарколог дәрігерде диспансерлік есепте тұр. Өткізілген маскүнемдікті алдын алу туралы сұхбаттарға назар аудармаған, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінезделеді, өз еркімен емделуден бас тартады, бірнеше рет ақсақалдар алқасының кеңесінде қаралған. 

Медициналық қорытындыға сәйкес, А.Тоқпаев жүйелі түрде спиртік ішімдік ішкендіктен мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді.

ҚР «Алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықпен ауратын ауруларды мәжбүрлеп емдеу туралы» Заңын басшылыққа алып, сот А.Тоқпаевты мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға 6 (алты) ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы шешім етті.

Шешім занды күшіне енді.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі