Бұршақ сақтандыру жағдайына жатама?

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотына қала  тұрғыны С.Святых сақтандыру компаниясына қатысты  талап арызбен жүгінді. Ол өзінің талабында «Renault Sandero» автокөлігінің  жеке меншік иесі болып табылатынын көрсеткен. Бұршақтың салдарынан оның авокөлігі зақымданған, маманның есебі бойынша автокөлікті қалпына келтіру қаражаты 279 752 теңгені құраған. Талапкердің автокөлігі сақтандырылған, бірақ жауапкер сақтандыруды төлеуден бас тартуына байланысты, соттан талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

2015 жылдың 15 шілдесінде болған табиғат құбылысы, автокөлікті бүлдіруіне байланысты, сот отырысындағы дәлелдемелерге қатысты  ол  табиғи апатқа жатқызылған, өз еркімен жасалған сақтандыру  шарты бойынша мұндай жағдай сақтандыру оқиғасы болып табылады.

Сот С.Святыхтың талап арызын қанағаттандырып, сақтандыру компаниясынан талапкердің пайдасына  сақтандыру сомасын өндірді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі