Қалалық Достық үйінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотымен қарызды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер К.Қаратаевқа қатысты сотқа жүгініп, олардың арасында орынды жалға алу туралы келісім бекітіліп, соған сәйкес жауапкер ай сайын 60 мың теңге төлеуі тиіс болатындығын көрсеткен.  Жалдау құны бойынша берешек  120 660 теңгені құраған.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келеді.

Қоғамдық келісім орталығы - Достық Үйіндегі медиация кабинетінде олардың арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бейбіт келісім бекітілді. Оның шарттарына сәйкес жауапкер  120 660 теңге берешекті  2016 жылдың 10 тамызына дейін өтеп, ал талапкер өз талап арызынан бас тартады.

АПК-нің 278 бабының 3 тармағындағы талаптар бойынша мемлекеттік баж салығы талапкерге  қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі