Кәсіби емес медиатор отбасын сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, кәсіби емес медиатордың  қатысуы арқылы дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде медиация қолданылды. Кәсіби емес медиатор тартылып, нәтижесінде ерлі-зайыптылар татуласып,  арадағы  дауды реттеу туралы келісім бекіту жайлы арыз ұсынылды. 

Сот ұйғарымымен әкімшілік іс өндірісі тараптардың татуласуына және медиативтік келісімге келуіне байланысты  қысқартылды.

Үйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай аудандық сотының

 баспасөз қызметі