Сақтандыру ақысы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Л.Бұтақова сотқа сақтандыру компаниясына қатысты сақтандыру ақысын төлеу туралы талап арызбен жүгінген. Ол өзінің талабында  жеке кәсіпкер А. Прошкинамен Түркияға саяхат жасау үшін келісім шартқа отырып, саяхат  қызметін толық төлеген. Саяхат қызметіне екі жаққа ұшып келу, тұрғын үйде тұру, медициалық сақтандыру кірген. Қызмет түрлері үшін міндеттер  талапкермен толық орындалған. Жеке кәсіпкер  саяхаттандырушы А. Прошкинамен  ақша қаражаты «TRAVEL»ЖШС-не аударылып, сонғысы барлық саяхат  кейінге қалдырылған. Қызмет түрлеріне төленген ақша қаражаты қайтарылмаған, жеке кәсіпкер А. Прошкинаның азаматтық құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктен пайда болған жеке кәсіпкер А.Прошкинаның жауапкершілікті орындамау себебі, «Қазақстан Республикасының саяхат  жасау» туралы заң нормаларына  сайкес, жеке кәсіпкер А.Прошкина болып табылады. Сот  талап арызды қанағаттандырып, сақтандыру компаниясынан Л.Бұтақованың пайдасына 840 000 теңге сақтандыру ақысын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі