Риддер қалалық сотында «Мүмкіндігі шектелген балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы кылмыстықты және олардың негізгі себептерін талқылау, сонымен қатар, есірткіні пайдаланудың алдын алу болып табылады.

Шараға Риддер қалалық сотының судьясы А.Ракимова, «Риддер қалалық психоневрологиялық диспансері» КМК-ның бас дәрігерінің міндетін атқарушы С.Оразғалиев, Риддер қалалық ІІБ-нің жасөспірімдер істері бойынша инспекцияның қызметкерлері қатысты.

Судья А.Ракимова айтып өткендей, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарда ауыр пайда қорлық және пайда қорлық-күштеу қылмыстардың үлес салмағы басым.Осы қылмыстардың көпшілігі жасөспірімдердің психологиясының спецификасына тән бірігіп (бірлесіп орындаушылық түрінде) топта жасалады. Шамамен әр үшінші қылмыс ересектермен бірлесіп жасалады.

С.Оразғалиев жасөспірімдерді есірткіге  итермелейтін себептерге қызығушылықты және еліктеушілікті жатқызады, кейде жасөспірімдерді тәжірибелі жолдастары есірткіге үйрететінін не мәжбүрлейтінін, сонымен қатар осы аурудың салдары туралы айтып өтті.

Кездесу соңында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне тұтастай сот қызметі көрсетілді. Оларға сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік берілді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі