Күршім ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің  73-бабының 1-бөлігі бойынша (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған) азаматтар А.Торпақовқа және Ж.Бөкенге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Аталмыш істер бойынша сот отырыстарында сотпен тараптарға істі медиация тәртібінде реттеу мүмкіндіктері түсіндірілді. Іске қатыстырылған медиатор Н.Жадранованың жүргізген жұмыстарынан кейін тараптар бітімгершілік келісімге келді.

Сот қаулыларымен тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік істер бойынша өндірістер қысқартылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2

аудандық сотының баспасөз қызметі