«Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлескен мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен бірлескен мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге кеңсе меңгерушісі Г.Ильбисинова, сот қызметкерлері Риддер қаласының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Қ.Садықова қатысты.

Өз сөзінде Қ.Садықова Мемлекеттік тілдің біліктілік талаптары 5 деңгейден тұратынын атап өтті. Мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес жоғары деңгейде меңгеруі А1- абзал, А2-базалық деңгейі, В1-қарапайым деңгейі, В2-ортадан жоғары деңгейде, С1-орта деңгейде мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі бекітілген.

Осы деңгейлерге мемлекеттік қызметшілердің санаттары бекітілген.

Ақпараттық қосымша бойынша баяндама тыңдалды және дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарылды.

 

 

Риддер қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі