Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының №2 аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653 бабы 1 бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) әкімшілік іс қаралды.

2016 жылдың маусым айының 14 жұлдызы күні әкімшілік істің қарауы тағайындалған, істің қарауы туралы тиісті дәрежеде хабарланған, алайда құқық бұзушы сотқа алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келгендігі үшін, істің қарауына мүмкіндік болмай, сот мәжілісі кейінге қалдырылған. Осы әрекеті арқылы құқық бұзушы сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.

Сот  қаулысымен А.Корнисқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1 бөліміне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зырян ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі