Билік өкілін қорлап, бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданы №2 аудандық сотында  ҚР ҚК -нің 378 бабы 1 бөлігі, 379 бабы 1 бөлігімен (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау) айыпталған М.Нұрмұхаметовке қатысты   қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  М.Нұрмұхаметов  алкогольдік  масаң күйінде полиция қызметкерінің  заңды талаптарына бағынбай,  оның өз қызметтерін атқару кезінде  оның ар намысына тиіп,   билік өкілі- полиция қызметкерінің беделін түсіріп, бағынбаушылық білдірген.

Сот үкімімен М.Нұрмұхаметов ҚР ҚК нің 378 бабы 1 бөлігі, 379 бабы 1 бөлімімен  кінәлі деп танылып,  оған  жаза ретінде  130 сағат қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Үржар ауданы №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі