Семей қаласының №2 сотында «Медиация туралы» Заңды насихаттау» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Халықтар достығы үйі – қоғамдық келісім орталығында» Семей қаласының №2 сотының төрағасы Д.Бұлғынбаев «Медиация туралы» Заңды насихаттау бойынша «ТВК -6» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Төраға Д.Бұлғынбаев өз сөзінде «Медиация туралы Заңның» Қазақстанда  2011жылдың 28 қаңтарында қабылданғандығын айтты.  Аталған заңға сәйкес медиация – тараптар арасындағы дауды медиатордың қатысуымен өзара тиімді шешім  шығаруға ықпал етеді. Қазақстан - медиация элементтері бар сот төрелігінің тарихи түрі билер сотының отаны екендігі баса айтылды, соттар жүктемесін азайтуға рөлі маңызды болып табылатынына көңіл аударылды. Процесс кезінде дауласып жатқан тараптардың  келісім шарттарды өздері белгілейтіндігі айтылып өтілді.

 Мемлекеттік стандарттарға сай медиацияны жүргізу біздің мемлекетімізде ерікті түрде, тараптардың теңдігі, медиатордың тәуелсіздігімен турашылдығы қағидаттарының негізінде жүргізіледі. Семей қаласы № 2 сотымен әрдайым ҚР «Медиация туралы» Заңның қолдануы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Атқарылған жұмыс өз нәтижесін берді 2016 жылдың 5 айында медиаторлардың қатысуымен 46 қылмыстық іс қаралды.

Төраға Д.Бұлғынбаев тілшінің  қойған сұрақтарына  толыққанды жауаптарын берді.

 

Семей қаласы № 2 сотының

баспасөз қызметі