Архив событий

23/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өтті

23/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотымен соттың 5 жылдығына орай «Ювеналды сот: 5 жыл балалар құқығын қорғауда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ювеналды соттың судьялары, жергілікті соттың төрағалары, Семей қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, қала прокурорының орынбасары, білім бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының төрағасының орынбасары, АХАТ бөлімінің басшысы, балалар үйінің директоры, кәсіби медиаторлар және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Зайсан аудандық сотының төрағасы Айнабұлақ ауылдық округінде халықпен кездесу өткізіп, Елбасының Жолдауын талқылады

23/02/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Айнабұлақ ауылдық округінде халықпен кездеу өткізіп, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өткізді.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.

Тарбағатай аудандық сотында дәріс өткізілді

23/02/2017

Тарбағатай аудандық сотының бас маманы Л.Жакилина «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Тарбағатай аудандық бөлімінде «Электрондық талап арыздарды, жүгінулерді, басқа да құжаттарды электронды жүйеде портал арқылы беру» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Аталған шараға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – « Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің жергілікті бөлімі қызметкерлері қатысты.

Зайсан аудандық соты кәсіпқой емес медиаторлармен пилоттық жоба бойынша семинарлық сабақ өткізді

23/02/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында Айнабұлақ ауылдық округінде болып, округтегі кәсіпқой емес медиаторлармен семинарлық сабақ өткізді.  

Пилоттық жобаның мақсаты – дауларды сотқа дейін реттеуді енгізудің тиімділігі

23/02/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасымен таныстару және талқылау мақсатында аудандағы адвокаттар және кәсіпқой емес медиаторлармен дөңгелек үстел өткізді.

ЖШС-нің басшысы салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды

23/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 245-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)  бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi  төлеуден іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жалтару) О.Мижановқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында семинар сабағы өтті

23/02/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі Н.Омарова және сот мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Аса ірі мөлшердегі "гашишті" сақтағаны үшін сотталды

23/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) ҚК-тің 296-бабы, 4-бөлігімен А.Сұлтанғалиевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта А.Сұлтанғалиев жалдамалы пәтерде есірткі заттарын сақтағаны үшін күдікті ретінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Пәтерге тінту жүргізу кезінде аса ірі мөлшердегі  салмағы 925,97 граммды құрайтын «гашиш» есірткі затымен 2 пакет табылып алынды.

Есірткі затын сақтағаны үшін сотты болды

23/02/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) айыпталған Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша,  жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті  болып көрінген азамат Г-ны тоқтатып, тексеру кезінде азамат Г-ның үстіне киген күртешесінің сол жақ қалтасынан есірткі заты 6,97 грамм  кептірілген марихуананы өз еркімен алып берген.

Медиаторларға жаңа пилоттық жоба аясында жұмыс жасау тәсілдері түсіндірілді

23/02/2017

Ұлан ауданының әкімі аппаратының акт залында  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ағымдағы жылдың ақпан айында іске қосқан жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану ерекшеліктерін түсіндіруге арналған тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараға Ұлан аудандық сотының судьясы Х.Тлеубергенова, Ұлан ауданының прокурорының орынбасары С.Баяхметов, аудан бойынша тіркелген кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

АБТ жүйесін қолдануға арналған семинар өткізілді

23/02/2017

Қазіргі заманға сай ақпарат құралдарын пайдалану соттар қызметінде қол жетімділікке, ашықтыққа және тиімділікке жеткізетін бірден бір тәсіл болып табылады, сонымен қатар ол тек сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес сотқа жүгінген тұлғалардың да біршама уақытын үнемдеуге жәрдемдеседі.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында бас маман А.Маусеитова  сот процестерін техникалық жазуға арналған «Аудио,бейнетаспа жүйесі» бағдарламасын қолдану бойынша сот мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді.

Ашық есік күні өткізілді

23/02/2017

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Адильбеков Кеңгірбай би ауылдық округінің азаматтарға құқықтық білім беру, құқықтық мәдениет деңгейін және сот жүйесіне деген сенімі мен сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.  

 «Ашық есік күнінде» азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыптарда сұрақтар қарастырылды.

Пара беруге азғырғаны үшін сотталды

23/02/2017

Семей қаласының № 2 сотымен К.Хажибаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, Төтенше Жағдай Департаментінің Жарма ауданы Әуэзов кентінің бөлек өрт сөндіру постының  өрт сөндіруші  сержанты,  аттестаттаудан өтпегендіктен жұмыстан  босатылған. Осы жағдай бойынша өзінің туысы К. Хажибаеваға айтқан. К. Хажибаева өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында, лауазымды тұлғаның көмегімен оған сыйақы беру арқылы көмектесетіндігін айтқан.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

23/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Зәбенов БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья Қ.Зәбенов сотталушы С-қа қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы С. қызғаныш сезімінің негізінде металлдан жасалған балтаны қолданып, жәбірленуші Ч.-ді  өлтірген. Әрі қарай, бас араздықтың негізінде екі адамды өлтірген.

Заманауи технологияларды сотта қолдану

23/02/2017

Риддер қалалық сотында, еліміздің жалпы сот жүйесіндегідей сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи технологиялар қолданыс табуда. Оның бір көрінісі ретінде - сот процестерін онлайн-байланысы арқылы жүргізу болып табылады. Сотқа қарауға түскен істер бойынша, іске қатысушылардың бірі соттан тыс басқа елді мекенде болса да, ара қашықтық істі қарауға кедергі бола алмайды.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

23/02/2017

Бесқарағай  аудандық сотымен талап қоюшы Т.Матвееваның жауапкер Ж.Мындаспековаға қарызы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. 

Тараптар кәсібі емес медиатордың  көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді соттан бекітуді сұрады. Медиациялық келісімнің шарттары сотқа жазбаша түрде беріліп және жақтармен қол қойылған.

Баспасөз маслихаты өтті

23/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

23/02/2017

Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2- бөлімі, 3-тармағымен (тұрғын-жайға заңсыз ену арқылы жасалған ұрлық) айыпталып сотқа берілген Р.Ш.Нигматуллинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Р.Ш.Нигматуллиннің жәбірленушінің пәтеріне заңсыз кіріп, пайдакүнемдік мақсатпен  5000 теңге ақша, жәбірленушінің жеке құжаттары салынған әйелдерге арналған сөмкесін ұрлап кеткен.