Архив событий

02/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың 12 айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша облыс соттары мен судьялардың жұмыстары бағаланды

02/02/2017

Шығыс қазақстан облыстық сотында кеңейтілген кеңес аясында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша облыс соттары мен судьяларын марапаттау рәсімі өтті.

Атаулы шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының Төрағасы Е.Абдықадыров, облыстық соттың төрағасы Д.С.Әміров, облыстық соттың алқа төрағалары М.Ғ.Комиршинов пен Қ.М.Чакпантаев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

"Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік"

02/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауын талқылауы бойынша судьялар мен сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

7 сотталушыға рақымшылық қолданылды

02/02/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық  сотымен бірнеше тұлғаға қатысты пробация бөлімінен түскен ұсыныстар қаралды.

Пробация қызметі бөлімінің өкілі сотта сотталушылардың қылмыстары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабы, 2-тармақшасына жататындығын көрсетті.

Сот отырысында пробация қызметі бөлімінің өкілі ұсыныстарды толығымен қолдап, қанағаттандыруды сұрады. Сот қаулыларымен пробация қызметі бөлімінің ұсыныстары қанағаттандырылды.

«Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өтті

02/02/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Суйеукенов ШҚО бойынша №2 Көкпекті Пробация қызметкерлерімен «Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс сабағының негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы дәріс сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

02/02/2017

Бесқарағай аудандық соты азамат Н.Веремчукқа  қатысты әкімшілік іс қарады.                                                                                                       

Сот анықтағандай, азамат Н.Веремчук  алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған. 

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

02/02/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен,  яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету туралы   азамат К.Айтказинов    қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқық бұзушы  К.Айтказинов өзінің   үйінде  заңды  некедегі жолдасымен сөзге келіспей,  оны  балағаттап,  ар-намысына тиетін сөздерді айтқан.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, бітімгершілік келісім бекітіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік істердің 68,2% медиация тәртібімен қысқартылды

02/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың қаңтар айында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  88 әкімшілік іс қарады. Оның ішінде 60 әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібінде келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Әкімшілік қамаққа алынды

02/02/2017

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) бойынша А.Байжуминға қатысты әкімшілік істі қарады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/02/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен ҚК 188-бабы, 3-тармағы, 2-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін  адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, заңсыз қоймаға кірумен жасалған жасырын жымқыру) А.Бабосынов пен Н.Тыныбекті айыптау  туралы қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, тараптар істі татуласуларына байланысты қысқартуды сұраған.

Заңды маңызы бар фактіні анықтады

02/02/2017

ШҚО Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен арнайы қоныс орнында тұрғандығы жөнінде заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Семей қаласы № 2 сотының судьясы Т.К.Сұлтанов мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадаға қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды

02/02/2017

Семей қаласы № 2 сотының судьясы Т.К.Сұлтанов мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадаға қатысқаны үшін мақтау қағазына ие болды.

Семейде қалалық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кезекті спартакиада болып өтті. Аталмыш шара Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған.

Өскемен қаласының №2 сотында оқу процессі өткізілді

02/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-көрсеткіш процессі өткізілді. 

Іс шара мақсаты – болашақ судьялардың дайындық сапасын көтеру, болашақ мамандықтарын меңгеруде студент-заңгерлердің кәсіби дағдыларын ынталандыру және тұрақты мемлекеттік қызметкерлер қорын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

ЖКО нәтижесінде келтірілген залал медиация тәртібінде реттелді

02/02/2017

Өскемен қалалық сотының өндірісінде азаматша З-ның азамат М-ға материалдық шығынды және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапты беруге жол-көлік оқиғасы негіз болған, жауапкер көлік құралын басқару кезінде, жолдан өтіп келе жатқан талапкерді қағып кетіп,  оның денесіне жарақаттар келтірген.

Істі қарау барысыңда тараптар медиативтік келісімге келген, оның талаптары бойынша азамат М азаматша З-ға материалдық және моральдық зиянның өтеуі ретінде 50 000 теңге төлеуге міндеттелді.

Семей қаласының Достық үйінде қылмыстық процессте медиациялық келісімнің қолданылуы талқыланды

02/02/2017

Келісім процедураларының тиімділігін түсіндіру  мақсатында «Халықтар достығы үйі – қоғамдық келісім орталығы» КҚМ-мен «Медиацияны қылмыстық процесте қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Семей қаласы №2  сотының судьясы Ж.Т.Абенова, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар,  адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

02/02/2017

Семей қалалық соты қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер сотқа, 2015 жылдың ақпан айына дейін, 7 912 500 теңге ақшалай соманы алып, жартылай төленгенін көрсетіп, қалған 4 млн теңгені, 504 493 теңге тұрақсыздық айыбы мен сот шығындарын жауапкерден өндіруді сұрап, талап арызбен жүгінген.

Алимент төлемегені үшін 3 тәулікке қамаққа алынды

02/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты О.В.Гиричке қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта О.В.Гиричтың  кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 564 178 теңге берешек екендігі анықталды.

«Мемлекеттік тіл - соттағы іс жүргізу тілі» тақырыбында семинар өтті

02/02/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында кеңсе мамандарына арналған «Мемлекеттік тіл-соттағы іс жүргізу тілі» тақырыбында семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі Н.Омарова семинарды аша отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі, қазақ тілін оқып білу – әрбір азаматтың міндеті екендігін атап өтті. Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi қолданылады.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өтті

02/02/2017

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотының төрағасы А.Аринова  жергілікті «Ұлан таңы» газетінің тілшісі В.Халепаның қатысуымен 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Шара барысында сот төрағасы А.Аринова 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды,  статистикалық мәліметтерді атап  өтті.