Архив событий

16/02/2017

Кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамағаны үшін жазаланды

16/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127- бабының 1- бөлігімен / ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау/  азамат  С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  Қайынды ауылының тұрғыны С. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған. Атап айтқанда, құқық бұзушының баласы  сабақты себепсіз көп босатқан.

Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру

16/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыпқа сот мамандары үшін семинар сабақ өтті.

Іс-шараға бас маман Смирнова Г.Л. және сот мамандары қатысты.

Бас маман  Галина Смирнова  баяндамамен сөз сөйледі, ол соттардағы мұрағат жұмысы сот ісін жүргізудің құрама бөлігі болып табылады деп атап өтті.

Құжаттармен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, сот мұрағатына құжаттарды тапсырудың нақты тәртібі және оларды тиісті түрде сақтау сот қызметі туралы анық ақпаратты жедел алудың маңызды құралы болып қызмет атқарады.

Пробация қызметінің рақымшылық қолдану туралы ұсынысы қанағаттандырылды

16/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен  аудандық пробация қызметінің С-ға қатысты өтелмеген жаза мерзімінің жартысын қысқарту туралы ұсынысы қаралды.

Сот үкімімен С. (1997 жылы 16 шiлдеде)  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 181 бабының 2 бөлігі «а» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сотта ауыр қылмыс жасаған сотталушының 2015 жылдың мамыр айында жубайы қайтыс болғаны, яғни ол кәмелетке толмаған баланың жалғыз ата-анасы болып табылатыңдығы анықталды.

Заңсыз балықты өткізгені үшін ұсталған

16/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389- бабының 1-бөлігімен  / жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)/  азамат  Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Ж. балық аулауға рұқсат  құжаттарының болмағанына қарамастан,  балықтарды заңсыз алып бара жатқан жерінен ұсталған.

Курчатов қалалық сотындағы семинар

16/02/2017

Курчатов қалалық сотында  сот қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.К. Сыздыков мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді білдіреді, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне жоғары талаптар қойылатынын айтты. Қоғамға ашықтық, жұмыстағы  айқындылық –сот жүйесі қызметінің басты бағыттары болып табылады, -деді.

«Медиация- мінсіздікке жету жолында» атты тақырыпта брифинг

16/02/2017

Самар ауылының Достық үйінде судья А.Амареева ауыл тұрғындарымен «Медиация-мінсіздікке жету жолында» атты  тақырыпта брифинг өткізді.

Медиация - ол үшінші бейтарап, турашыл медиатордың көмегімен дауды соттан тыс шешу формасы.

Тарбағатай аудандық соты екі әкімшілік іс бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік қамаққа алды

16/02/2017

Сотқа Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінен ӘҚБтК-ң 434-бабының, 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер түсті.

Сотта құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, Ақсуат ауылында қоғамдық орындарда темекі шегіп тұрып, қалдығын жерге лақтыра салып, қоғамдық орынды ластағанына өкініш білдірді.

Сот құқық бұзушылар қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп тапты.      

"Жергілікті соттардың ғимараттарына өткізу режимінің тәртібіне қатысты талаптар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/02/2017

 

Катонқарағай аудандық сотында аудандық сотының төрағасы Б.Т. Секербеков, сот судьясы Н.С. Нурсапиновтың,  сот қызметкерлері және МКҚБ 3-ші ПБ командирінің көмекшісі аға полициясы  С.Арабаевтың қатысуымен «Жергілікті соттардың  ғимараттарына өткізу режимінің тәртібіне қатысты талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Пилоттық жоба талқыланды

16/02/2017

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосқаны барлығына мәлім.

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/02/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге соттың  судьялары, кәсібі емес медиатор Е.А.Бигозинов, қорғаушы, прокуратура өкілдері, Серебрянск қаласының әкімшілігінің және полиция бөлімінің өкілдері  қатысты.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

16/02/2017

Тарбағатай ауданның №2 аудандық сотында, А.Нығметжановаға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен, яғни сотқа құрметтемеушілік туралы әкімшілік ісі  қаралды.

А.Нигметжанова  ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасап, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде сотқа келген.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

16/02/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 108- бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша А.Көпжасаровқа қатысты қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, жәбірленуші А.Көпжасаровты өзін ешбір себепсіз, қасақана ұрып-соғып, жеңіл дәрежеде дене жарақатын түсіргені үшін айыптап, А.Көпжасаровты ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін жазаға тартылды

16/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен  сотты құрметтемеушілік бойынша (ҚР ӘҚтК-нің 653 бабының  1,2 б. қарастырылған) әкімшілік құқық бұзушылық туралы  11 іс қаралды.

Азамат Р. сот отырысында істі қарау барысында  бірнеше рет тәртіпті бұзған, орнынан сөйлеген, күлген, ескертулерге мән бермеген.

Сот қаулысымен Р. кінәлі деп танылып 653 б. 1б. бойынша  2 (екі) тәулікке қамау әкімшілік жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандық сотының

Азаматтық істер бойынша медиация

16/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен медиация тәртібімен аяқталған 10 азаматтық іс қаралды.

Сол істердің бірі «Finance» аранайы қаржы компаниясы ЖШС-ның азамат А-ға банктік займ бойынша берешек өндіріп алу туралы оңайтылған өндіріс тәртібімен қаралған азаматтық іс.

Істі қарау барысында жақтар даудың медиация тәртібінде реттелгеніне байланысты істің өндірісін қысқартуды сұрап, өтінішпен сотқа жүгінді.

Медиатордың қатысуымен татуласты

16/02/2017

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат С.С.Кабдулдинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  азамат С.С.Кабдулдин өзінің үйінде алкогольді масаң күйінде, өзінің азаматтық некедегі жұбайымен  ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Медиация тәртібімен татуласты

16/02/2017

Риддер қалалық сотымен жеке айыптаушы М.А.Хасенованың Е.Е.Бегедаевты Қазақстан Республикасының ҚК 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы М.А.Хасеновадан және сотталушы Е.Е.Бегедаевтан сотқа ҚК-тің 108 бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Алимент төлемегені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

16/02/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен борышкер Р.А. Итемгеновқа қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сотта  Р.А.Итемгенов  кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырау үшін  табысының ¼ бөлігін өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, алимент бойынша 968 031 теңге берешек екендігі анықталды.

Дау медиативтік келісіммен аяқталды

16/02/2017

Үржар аудандық сотымен бөтеннің иелігіндегі мүлікті талап ету туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа «бөтеннің иелігіндегі мүлікті талап ету»  туралы талап арыз берген, ол өзінің қайтыс болған анасы тірі кезінде оған ыдыс-аяқ, сандық және тігін машинасын силағанын. Алайда, жауапкер ол заттарды өз үйіне апарып алып,  оларды қайтарудан  бас тартқан. Сол себепті   талапкер сотқа арызбен жүгінуге мәжбүр болған.

«Медиация –дауды шешудің бейбіт жолы» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді

16/02/2017

Марқакөл ауылдық округінің ғимаратында ашылған медиация кабинетінде Күршім ауданының №2  аудандық сотының төрағасы м.а. С.Жунуспековамен кәсіби емес медиаторлар және мемлекеттік мекеме өкілдерімен «Медиация – дауды шешудің бейбіт жолы» атты тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді.

Айыппұл төлемегені үшін қамаққа алынды

16/02/2017

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы В.Калашниковқа  қатысты әкімшілік істі қарады.                                                                                     

Зырян ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу» туралы тақырыпта семинар өткізілді

16/02/2017

 Зырян ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі кеңсе қызметкерлерімен ««Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу» тақырыбында семинар өткізді.

Аудан тұрғындарымен кездесу

16/02/2017

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Н. Алимханов, сот судьялары Л.Ж. Акалаева, А.М. Садуакасова, Д.Т. Толегеновпен, сонымен қатар прокуратура, кірістер басқармасы, әділет басқармасы, ішкі істер бөлімі өкілдерінің, кәсіби емес медиаторлардың, Қалбатау ауылдық округінің әкімі    Е. Аубакировтің, Жарма ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы   Н.Слямовтың,  Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Р.О. Оразгалиевтің қатысуымен, Қалбатау  ауылдық округінің ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Отбасы-тұрмыстық дау медиация тәртібімен шешілді

16/02/2017

Глубокое аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК  73бабының 1бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Қ.Жылқашқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Қ.Жылқаш өз үйінде алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, өзімен бір үйде тұратын қарындасына былапыт сөздер айтқан.

Балықты тасымалдағаны үшін айыппұл

16/02/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 389 бабы 1 бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау))  әкімшілік іс қаралды.

Т.Әубәкіров өз автокөлігінде рұқсат құжатынсыз 30 кг көлемінде балықты тасымалдағаны үшін ұсталды.