Архив событий

22/02/2017

Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Ә.Мәмидің «Сот жүйесі – жолдауды іске асырудың маңызды буыны» атты сұхбатын талқылады

22/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Ә.Мәмидің «Сот жүйесі –  жолдауды іске асырудың маңызды буыны» атты сұхбаты талқыланды.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов Қазақстанда Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар басталғаны туралы айтты. Сонымен қатар, заң алдында жеке меншіктік құқық пен теңдік үстемдігін қорғауға бағытталған мемлекеттік реформалар қабылданғанын атап өтті.

Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану мәселелері талқыланды

22/02/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Дыбыс-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға сот мамандары қатысты.                                                                                    

Медиатор Алғыс хатпен марапатталды

22/02/2017

Көкпекті  аудандық сотында  Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы кәсіби емес медиатор А.Оразаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы кәсіби емес медиаторлардың Көкпекті аумағында медиация институтына қосқан  елеулі үлесін атап өтті.

Сонымен қатар Ә.Бақытбекұлы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының қосылғаның айтып өтті.

Медиаторлар марапатталды

22/02/2017

Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені түсіндіру бойынша Курчатов қаласының кәсіби емес медиаторларымен кездесу өткізілді. Жобада  жекелеген санаттарға қатысты дауларды медиация тәртібінде реттеуде татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, дауларды сотқа дейінгі реттеуде халықтың қызығушылық деңгейін анықтау міндеттері қойылған.

Сотта тілшілерге арналған брифинг өткізілді

22/02/2017

Күршім ауданының №2 аудандық соты жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмыстың сапасы мен сот практикасының тұрақты екендігіне тоқталып, тараптарды медиативті рәсімін қолдану арқылы келісімге келтірудегі қол жеткізген жетістіктерді атап өтіп және мұның барлығы сот жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы ақпаратты кеңінен насихаттап, іс жүргізу барысында оларды үйлесімді түрде жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болғанын айтты.

Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация

22/02/2017

Риддер қалалық сотымен жеке айыптаушы Н.Н.Бабинның М.Б.Барханскаяны Қазақстан Республикасының 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Н.Н.Бабиннен және сотталушы М.Б.Барханскаядан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.

Ашық есік күні

22/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов «Ашық есік күнін» өткізді.

Шараның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және сот жүйесіне деген сенімін жоғарлату.

Сот үкіміне шағым келтіру сұрақтары бойынша сотталғанның қоғамдық қорғаушысы сотқа жүгінді. Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот үкіміне шағым жасау тәртібі мен мерзімін, сонымен қатар «Сот кабинеті» арқылы апелляциялық шағым беру тәртібін түсіндірді.

Судьяларға тәжірибелік көмек көрсету бойынша семинар өткізілді

22/02/2017

Семей қалалық сотында тәжірибелік көмек көрсету аясында семинар өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Л.Е.Каирбаева, Н.Р.Байбуринова болды.

Семинар барысында азаматтық істердің жекелеген санаттары, сот актілерінің күшін жою мен өзгерту  бойынша құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер, сонымен қатар азаматтық процестік заңнамасының жаңашылдықтары қозғалды.

Аттестацияның өткізілу тәртібі түсіндірілді

22/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары  бойынша түсіндірме жүргізілді.

Медиатор алғыс хатпен марапатталды

22/02/2017

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында сот жүйесінде медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіби емес медиатор Шаймухамеду Құдагельдинұлына Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтың алғыс хаты табысталды. 

Іс-шараға төраға А.Аринова, кәсіби емес медиатор Ш.К.Утепов және сот мамандары қатысты.   

Медиаторлар «Медиация туралы» Заңның насихатталуына үлес қосқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды

22/02/2017

Үржар аудандық сотының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысында «Медиация туралы» заңының насихатталуы мен татуластыру рәсімдерінің маңыздылығын арттыру аясында белсенді жұмыс атқарғандары үшін  белсенді медиаторлар Г.А.Каленова мен С.Жексембаевқа  Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтың  алғыс хаттары сот төрағасы Д.С.Серікбаймен салтанатты түрде табысталды.

Мемлекеттік қызметкерлердің кешенді атестаттаудан өту тәртібі түсіндірілді

22/02/2017

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы Ж.М.Құрманғалиевамен кездесу өтті.

Жиналыс барысында сот қызметкерлеріне кешенді атестаттауды өткізудің негізгі қадамдары түсіндірілді.