Архив событий

15/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы. Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

15/02/2017

 

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.М. Ақпар Семей қаласының Ішкі Істер Басқармасының ювеналды полиция бөлімдерінің аға инспекторларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы. Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Алкогольдік мастану жағдайында жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарғаны үшін 30 тәулікке қамаққа алынды

15/02/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жол шаруасында, көлікте әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған Ф.А. Ахмадиевке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. 

Ф.А. Ахмадиев 2016 жылы мастану жағдайында көлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікке тартыла тұра, осыған құқылы болмаса да, қайталап көлік құралын басқару құқығынсыз мастану жағдайында көлік құралын басқарған. 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

15/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның басты мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру,  тұрғындардың  сот жүйесіне деген сенімін нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

15/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қоны карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы Р.Каландаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жетпіс әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың ақпан айының 16-на дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 110  әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында жанжал 70 іс медиация тәртібімен реттеліп, тараптар медиативтік келісімге келді.

ҚР-ның  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты 70 әкімшілік  іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Студенттердің медиатормен кездесуі өтті

15/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың бастамасымен "Медиация – жанжалдарды реттеудің тиімді мүмкіндігі" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Қазақстан-Американдық Еркін Университеті колледжінің студенттері шықырылды.

Осы семинарда кәсіпқой емес медиатор Т.Каримов студент жастарға медиацияның қолданылу аясы мен медиациялық рәсімдердің мақсаты жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Ардагерлер үйінде «Кешегі билер соты – бүгінгі сот билігінің бастау көзі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды

15/02/2017

Тарбағатай ауданының сотының төрағасы К.М.Садуакасова «Кешегі билер соты – бүгінгі сот билігінің бастау көзі» атты тақырыпта қоғамдық медиаторлардың, адвокаттардың қатысуымен «Нұр-Отан» ХДП-ның жанындағы «Ардагерлер үйінде бір топ ауыл ақсақалдарын шақырып дөңгелек үстел өткізді. 

Масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жаза тағайындалды

15/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ағымдағы  жылдың ақпан айының 16-на дейін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) туралы 67 әкімшілік іс қарады.

Көлік  жүргізушілері  (алкогольдік, есірткілік   немесе басқа) масаң күйде  көлік құралын жүргізуге тиым салынған Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесімен көзделген  2.4.2 тармағын бұзып, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген.

Тараптар сотта татуласты

15/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е.Сейтказинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Е.Сейтказин тұрғылықты мекен-жайында бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Екі жақтың татуласуына байланысты сот талқылауы Медиация тәртібімен аяқталды

15/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 108 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыс жасаған  С.Киселеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  жеке айыптаушы  өзінің туған сіңілін дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа шағымданған. Сарапшының қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына  жеңіл зиян келтірілген. Сот отырысында екі жақ медиациялық келісімге келген.

Артқа қарай қозғалыс барысында маневрдің қауіпсіздігіне назар аудармаған

15/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды

15/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам қайталап жасаған әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  А.Тищенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылуы талқыланды

15/02/2017

Семей қалалық сотында «Жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға сот судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ азамат подъезге кіргізбегені үшін көліктерге залал келтірген

15/02/2017

Семей қаласының № 2 сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігің 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, үй-жайға заңсыз кіру), 293-бабының 1-бөлігімен (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметемеу) Д.Нуржановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Д.Нуржанов  дәліз терезесін кірпішпен сыңдырып «Стелс» маркалы көк велосипедті ұрлап әкетті. Яғни, осы іс әрекетімен жәбірленушіге  37.000 теңге көлемінде  материалды залал келтірді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

15/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.А.Жақсыбекова  БАҚ-ның  өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Әкімшлік жазаларға тартыла беруіне байланысты Қазақстан аумағынан шығарылды

15/02/2017

Шығыс Қаақстан облысы Ішкі істер департаментінің арызы бойынша Өскемен қалалық сотының шешімімен Ресей Федерациясының азаматы Ф. Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

Ф. Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, Қазақстанның заңнамасын бірнеше рет бұзған, атап айтқанда қоғамдық орындарда масаң күйде жүруіне байланысты үш рет әкімшілік жауапқа тартылған.   

Қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг

15/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья  сотталушы Р-ға қатысты БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді, Р. ас-үй пышағымен жәбірленушінің іші жағынан екі рет және арқа тұсынан  бір рет ұрған. Алған ауыр соққылардың салдарынан жәбірленуші оқиға орынында көз жұмған.

Татуластыру рәсімдерін қолдану аясында белсенді жұмыс атқарғандары үшін медиаторлар марапатталды

15/02/2017

Татуластыру бойынша үйлестіруші, Семей қалалық сотының судьясы К.А.Қасымова Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтің атынан кәсіби медиаторлар Р.А.Калиевке және Д.М.Шапиевке татуластыру рәсімдерін қолдану аясында белсенді жұмыс атқарғандары үшін және  насихаттағандары үшін алғыс хаттарын табыс етті.

Алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды

15/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) бойынша қылмыс жасаған Н.Рахметоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Н.Рахметова  2015 жылы алаяқтық әрекеті үшін 6 жыл 5 айға бас бостандығынан айырыла отырып, түзелу жолына түспей, жасырын қылмыс жасауын жалғастырған.

Семинар-тренинг өткізілді

15/02/2017

Ұлан аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін, аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

2017 жылғы қаңтар айының жұмысы қорытындыланды

15/02/2017

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың қаңтар айындағы аудандық сот жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмысты қорытындылай келе, 2017 жылдың қаңтар айында сотпен 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 2 тұлғаға қатысты 2 іс қаралғанын, 26  азаматтық іс аяқталып, 14 шешім шығарумен қаралғанын, 51 тұлғаға қатысты 51  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.