Архив событий

20/02/2017

Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

20/02/2017

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Ол бойынша жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 150 000 теңге өтеуге келісті.

«Қазақстан Республикасында ратификацияланған Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері» тақырыбында семинар өткізілді

20/02/2017

Ұлан аудандық сотында «Қазақстан Республикасында Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Ұлан аудандық сотының төрағасы М.Халмурзаев,  судьялар А.Нургазин, Х.Тлеубергенова, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаттары А.Шотанова, Е.Сыдыков  қатысты.

Семинарда судья А.Нургазин баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын оқып таныстырды.

Зайсан аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

20/02/2017

Соттың ашықтығын қамтамасыз ету және мектеп бітірушілердің келешекте заңгер  мамандықтарын таңдауға қызығушылықтарын ояту мақсатында  Зайсан аудандық сотында Зайсан қаласы Ломоносов атындағы орта мектебінің мектеп бітіруші оқушыларымен «Ашық есік» күн іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Ашық есік» күн аясында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі К.С.Игілікова мектеп бітіруші оқушыларды аудандық соттың жұмыс тәртібімен таныстырып, сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырды, сот процесінің қалай жүретіндігін көрсетті.

Жаңа пилоттық жоба -татуластыру рәсімдерін дамытудағы нақты қадам

20/02/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында аудандағы кәсіпқой емес медиаторлармен дөңгелек үстел өткізді.

Пилоттық жоба талқыланды

20/02/2017

Үржар аудандық сотында сот төрағасы Д.С.Серикбай жекелеген санаттар бойынша  дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін  реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  іске асыру жөнінде Ережені  талқылау бойынша  дөңгелек үстел өткізді.      

Шараға Үржар ауданының прокуратурасының өкілі, кәсіби емес медиаторлар, ауылдық округінің маманы, ақсақалдар кеңесінің  мүшесі, «НұрОтан» партиясының мүшесі, Үржар ауданының әкім аппаратының заңгері, Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің  өкілі және жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

Сот залында қамауға алынды

20/02/2017

Курчатов қалалық сотында И.А. Девляшовқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстыру туралы Курчатов қаласының пробация қызметінің ұсынысы қаралды.

Сотта И.А.Девляшов бас бостандығынан шектеу жаза түрін өтеу кезеніңде тіркеуге келмей, қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін  оған әкiмшiлiк жаза қолданылып, жазаны ауыстыру туралы ескерту түрінде бес  жазалау алғаны анықталды. Осылайша сотталған сот үкімімен белгіленген міндеттемелерді бұзған.

Ағашты заңсыз кескені үшін сотталды

20/02/2017

Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы, 2-бөлімімен (орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесу) айыпталып сотқа берілген Р.А.Кареловке қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Істі қарауда анықталғандай, Р.А.Карелов, «Пихтовое орман шаруашылығы» КММ–нің Бутаково ормандығында өскен, орман қорына кіретін, кесуге болмайтын бес «самырсын» ағашын заңсыз кескен. Осы әрекеттерімен мемлекетке 72 880 теңге материалдық шығын келтірді.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

20/02/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  қарастырылған Б.Қоңырбавқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен  Б.Қоңырбаев ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК – 42420 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған болатын. Алайда Б.Қоңырбаев бүгінгі күнге дейін аталған сот қаулысын орындамағаны жөнінде жеке сот орындаушы А.Ибрагимовтың ұсынысымен анықталған.

«Қазақстандық сот төрелігінің басты бағыттарының бірі -медиация институты» тақырыбында дәріс өтті

20/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында  «Қазақстандық сот төрелігінің басты бағыттарының бірі - медиация институты» атты тақырыбында дәріс оқылды.Аталған шараға Катонқарағай ішкі істер полиция бөлімінің қызметкерлері С.Арабаев, Е.Калиев, аудандық адвокат Б.Құсаинова, қоғам өкілдері және аудандық сот қызметкерлері қатысты. 

Медиаторлар марапатталды

20/02/2017

Бородулиха аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны» іске асыруына, ауданда татуластыру рәсімдердің дамуына мүлтіксіз үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтің атынан  кәсіби және кәсіби емес медиаторлар В.Н.Шкоданы, Д.О.Тоқтаровты алғыс хатпен және «Достық үйі» директоры  А.А.Шпилькинаны грамотамен мараппаттау бойынша салтанатты іс-шара өтті.

Айыптау үкімі шығарылды

20/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшердегі есірткі заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа берілген А.Аздероваға, Н.Гуринаға, қатысты қылмыстық іс қаралды.

Дауларды сотқа жеткізбей реттеуге бағытталған ереженің жаңа пилоттық жобасын жүзеге асыру

20/02/2017

Жарма аудандық сотымен Н.К.Садвакасованың Ж.Б.Азизовадан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны іске асыру бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сәйкес, тараптарға азаматтық істі медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауға құқылы жөнінде хабарлама жолданған.

Тұрғындармен кездесу өтті

20/02/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны» түсіндіру және кезектен тыс өткізілген Қазақстан Республикасы Судьяларының VII-Съезді бойынша нәтижелерді талқылау жөнінде Бородулиха ауданы Коростели ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге округ әкімі В.А.Чуваткин, ауылдық мектеп директоры Г.М.Морозкина, кәсіби емес медиатор А.С.Сулейменов және ауыл тұрғындары қатысты.