Архив событий

10/02/2017

Медиация тәртібінде

10/02/2017

«Көкпекті жолдары» ЖШС-гі «Көкпекті ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не мемлекеттік сатып алу келісім-шарты бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот мәжілісі барысында тараптар судьяның қатысуымен медиация рәсімін қолдану туралы арызын сотқа ұсынды.

«Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру» тақрыбында баспасөз маслихаты өтті

10/02/2017

«КМҚК Бородулиха ауданы Достық Үйінің» медиация кабинетінде  Бородулиха аудандық сотының төрағасы С. Д. Байбосынованың аудандық медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сотқа дейінгі дауларды  (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында семинар өткізілді.

Кінәсі дәлелденбеді

10/02/2017

Глубокое аудандық сотымен А.П. Башкатовқа қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 610 бабының 1 бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

10/02/2017

Глубокое аудандық сотымен Е.Р. Аниперге қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 2 бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

 Істің мазмұнына сәйкес сотталушы Е.Р. Анипер 2016 жылдың күз кезінде Ертіс өзенінің жағалауында өсіп тұрған марихуана өсімдігін жинап алып, үйінде кептіріп, аталмыш есірткі затын өзінің қолдануы мақсатында үстіне киген киімінің қалтасында заңсыз сақтап жүрген.

«Сотқа құрметсіздік көрсеткені үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған»

10/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  653-бабының 1-бөлігіне қарасты  И. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат И. сот отырысында оған қатысты ҚРК ӘҚ туралы 440 бабының 4 бөлігі бойынша әкімшілік істі қарау кезінде бірнеше рет сот отырысының тәртібін бұзған, орнынан айқайлап, төрағашылық етушінің сөзін бөлген, төрағашылық етушінің сот отырысындағы  тәртіпті сақтау туралы ескертулеріне құлақ аспаған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

10/02/2017

Глубокое аудандық сотымен Г.Г. Сацевичке қатысты жекеше айыптау шағымы бойынша қозғалған қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібінде бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатылды.

Шағымның мазмұнына сәйкес жәбірленуші А.В. Свахина  айыпталушы Г.Г. Сацевичті оған жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Балықты заңсыз алып өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/02/2017

Зырян ауданының № 2 аудандық сотымен   Р.Г.Майороваға қатысты  ҚР ӘҚБтК  389 бабы  1 бөлімі (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік істі қарау барысында   Р.Г.Майорованың  60 кг «Рипус» балығын рұқсат құжатсыз алып өту кезінде ұсталғаны  анықталды.

Өскемен қаласының №2 сотымен тонау әрекеті үшін кінәлі деп танылды

10/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен   (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес не осындай күш қолдану қатерін төндіріп) қылмыс жасаған  О.Копитцинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Медиатор марапатталды

10/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында аумақтық кәсіби емес медиаторларымен кездесу өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының ережесі түсіндірілді, пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері бітімгершілік рәсімдерді қолдануаясын кеңейту және судьялардың жүктемесін азайту және істерді қарау мен шешу бойынша процеске қатысушылардың және соттардың шығындарын азайту болып табылады.

Медиациялық келісімге келді

10/02/2017

Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73- бабының  1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапат сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жасалған басқа да  әрекеттер) бойынша азамат М.Сіләмханға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

10/02/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Марқакөл полиция бөлімінің басшысы Б.Байжуманов және басқа да ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасының м.а. С. Жүніспекова өзінің сөзінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын айтып берді.

Пилоттық жоба туралы семинар

10/02/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев сот судьялары мен кеңсе мамандарына «Даулардың кейбір санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу туралы пилоттық жобаға қатысты» семинар-жиналыс өткізді.

Сот төрағасы  өз сөзінде, Елбасының Республика судьяларының жетінші съезінде берген тапсырмасының жүзеге асыру үшін, Жоғарғы Сотпен даулардың кейбір санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жоба іске  қосылғанын жеткізді.

Сотпен тонау әрекеті үшін бас бостандығынан айырылды

10/02/2017

 Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен   (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру,жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес не осындай күш қолдану қатерін төндіріп) қылмыс жасаған  Е. Белозеровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Семей қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

10/02/2017

Семей қалалық сотында  «Ашық есік күні» өтті. Сот жүйесінің қызметі және іс жүргізудің процестік ерекшеліктерімен танысуға Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің студенттері келді. Қонақтар экскурсияға қатысып, оларға сот отырыс залдары, соттың конференц-залы, мұражайы және медиация кабинеті көрсетілді.

Есірткелік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

10/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 346 бабы 1 бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткелік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыс жасаған  Э.Абишевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Меншік иелерінің жай серіктестігі төрағасы тарапынан өз бетімен электр энергиясын өшіруі заңсыз деп танылды

10/02/2017

Семей қалалық сотымен электр энергиясын өшіру бойынша іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, мүліктік залалды және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа меншік иелерінің жай серіктестігіне талап арызбен жүгіне келе, ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған төлемдер бойынша қарызы болғандықтан және электр кәбіліне ақшалай қаражат тапсырылмағаны үшін, 2016 жылдың қараша айында өзінің пәтеріне электр энергиясын берілуі тоқтатылғанын көрсеткен.

Медиацияның өркендеуіне қосқан үлесі үшін медиатор марапатталды

10/02/2017

Бүкіл әлем бойынша медиация дау-шараны реттеудің ең танымал форумы болып табылады. Медиация сот талқылауындағы қосымша және болжап болмайтын шығындарға уақыт жоғалтуға жол бермейді. Медиация процессі еріктілік және құпиялық жағдайды қамтамасыз етеді.

Медиатор жақтарға өз келісіміне келуге мүмкіндік бере отырып, олардың өзара келісімге келуін жеңілдетіп, мәселені нәтижелі шешу жолын іздейді.

Семей қаласының № 2 сотында «Ашық есік күні өтті»

10/02/2017

Семей қаласы №2 сотында Шәкәрім атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 4-курс студенттерімен «Ашық есік күні» өткізілді.

Семей қаласы № 2 сотының төраға м.а. Ж.Т.Абенова кездесуді аша келе, соттың тарихы, Ұлт Жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен Қазақстанда заңның үстемдігін қамтамасыз ету негізінде әлемдік рейтингтегі көрсеткіштердің жоғарылауы жайында айтты.

Отставкадағы судья жас судьялармен өз тәжірибесімен бөлісті

10/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында жас судьяларға кәсіби дайындыққа және кәсіби дағдылануды меңгеруге көмек көрсету мақсатында Заңнаманың қатаң сақталуына рухты білім беру мақсатында, отставкаға кеткен судья В.Кизамединовпен кездесу өтті.

Аталған іс-шараға судья лауазымына машықтанушы – үміткерлер, жас судьялар, олардың тәлімгерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсету.

Алкогольдік масан күйде көлік құралын басқарған

10/02/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабы 3 тармағы бойынша (алкогольдік мастану жағдайында бола тұра, көлік жүргізу) жауапкершілікке тартылған А.Р. Мухаметовқа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Сот отырысында анықталғандай, А.Р. Мухаметов алкогольдік мастану жағдайында бола тұра, көлік құралын басқарып, көлігімен артқа  шегіну кезінде жол-көлік оқиғасын жасаған, онымен көлік иесіне материалдық шығын келтірген.

Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу

10/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Е.С.Коянбаев, Н.А.Жақсыбекова, Л.А.Побияха, Қ.Б.Зәбенов, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандарының қатысуымен семинар өтті.                                                                                         

Глубокий ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл әрекеті үшін 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

10/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 192 бабы 2 бөлігі 4 тармағымен                 (қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл, қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып) қылмыс жасаған  А.Порошинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту

10/02/2017

Ұлан аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 461-бабымен (ішкі істер органы шығарған  қорғау нұсқамасын  бұзу)  көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Р.И.Шантаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  Р.И.Шантаев өз  үйінде  жұбайына қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзғандығы анықталды.

Медиация - дауларды реттеудің балама тәсілі

10/02/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотында  «Медиация - дауларды реттеудің балама тәсілі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел шарасына Үржар ауданының кәсіби емес медиаторлары, БАҚ өкілі және сот қызметкерлері қатысты.

Автокөлікті жүргізу құқығынан айырылған

10/02/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы) бойынша құқық бұзушылық жасаған  Р. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, Р. есірткілік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Рақымшылық Заңының қолдану туралы

10/02/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық» Заңының 2-бабына сәйкес ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан және пробациялық бақылаудағы адамдар жазадан босатылады деген қағидамен пробация қызметінің А.Т.Сапиновқа, Н.А.Ботабаевқа, Е.О.Игембердиевке, М.Р.Карабутаеваға, Е.Жумагуловқа А.Ж.Рахымбаевқа және Е.Сабазалиновқа қатысты 7 ұсынысы қаралды.

ШҚО №1 ювеналды соты 2016 жылдың жұмыстарын қорытындылады

10/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді. Баспасөз маслихатына «Устинка плюс» газетінің тілшісі Г.В.Прыгов, «Менің өлкем» газетінің тілшісі А.Өрібаев, «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Э.Кунгурцев қатысты.

Баспасөз маслихаты барысында сот төрағасы Т.Жұмагелдин 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде толығымен ақпарат берді.