Архив событий

09/02/2017

Зайсан аудандық сотында 2016 жыл жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

09/02/2017

Зайсан аудандық сотында 2016 жылдың он екі айында атқарылған жұмыс қорытыныдысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова, Ш.О.Оспанова және сот қызметкерлері, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт, аудандық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Сот актісін орындамаған тұлға жазаға тартылады

09/02/2017

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы Д.С.Нургалиевке  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.                                              

Зайсан аудандық сотында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Жолдауы талқыланды

09/02/2017

Зайсан аудандық сотында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған кеңес өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Г.С.Нуртазинова, Н.З.Хасенбаева, Ш.О.Оспанова, сот мамандары қатысты.

Кеңес барысында аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.

Жалған айғақ бергені үшін жазаға тартылды

09/02/2017

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен (куәнің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ беруі) көзделген қылмыс жасаған Р.А.Талдыбаева мен А.С.Куспекованың, ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі арқылы 420-бабының 2-бөлігімен (куәнің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ беруге азғырып, қылмыс жасауға айдап салған) көзделген қылмыс жасаған С.С.Камитовтың  ісін қарады                                              

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/02/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Р.Кунанбаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Р.Кунанбаев өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Қайталап қоғамдық тәртіпті бұзды

09/02/2017

Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы  4 бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат М-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/02/2017

Зырян аудандық сотымен жеке айыптау шағымымен ҚР ҚК 108 бб. бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) М.М.Жамбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, М.М.Жамбаев алкогольді масаң күйінде жан-жал барысында жәбірленушіні жұдырықпен басынан, денесінен ұрып, бүйірінен тепкені анықталды.

Сот мәжілісінде тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Айыппұл салынды

09/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613- бабының 1- бөлігімен / ішкі істер органының қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау /  азамат Ж.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  азамат Ж. автокөлікті басқаруға құқығы жоқ бола тұрып басқарып, ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірді.

Рақымшылық жасау туралы актінің негізінде жазадан босатылды

09/02/2017

Зырян аудандық сотында Зырян ауданының №1 пробация қызметінің сотталған  А.И. Людвинді жауаптылықтан амнистиямен босату туралы өтініші қарастылды.

Зырян аудандық сотының үкімімен А.И. Людвин ҚР ҚК 175 б. 2 б. «б,в» т. бойынша 3 жылға шартты түрде, пробациялық бақылау орнатумен  сотталған.

Сот қаулысымен сотталған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай рақымшылық туралы» Заңының 2 б. 3 б. негізінде жазадан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотында семинар-сабақ өткізілді

09/02/2017

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақовпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Іс-шараға сот мамандары қатысты.

Семинар сабақтың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастағы жоғары мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіздік әрекеттері болған жағдайлардың алдын алу.

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

09/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарынан анықталғаны, азамат Т. даудамай барысында өзінің азаматтық некедегі әйеліне балағат сөздер айтқан. Осылайша азамат Т. құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық некедегі әйеліне тіл тигізіп, отбасының тыныштығын бұзған.

Глубокое аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

09/02/2017

2017 жылғы 27 қаңтарда Глубокое аудандық сотында судьялардың, қорғаушылар мен  ҚР «Глубокое аудандық ауыл шаруашылық бөлімі»мемлекеттік мекемесінің өкілдерінің қатысуымен Ауыл шаруашылық министрлігінің «Өтімділігі жоғары тракторлармен арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту» туралы бұйрығын қолдану барысындағы проблемалық сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Тараптардың татуласуы

09/02/2017

                                   

Үржар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының,  1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапат сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат С.М.Интышевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік қамаққа алынды

09/02/2017

 Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының, 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ кезінде жасаған) бойынша Ч.Субобаевқа қатысты әкімшілік істі қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығы болмағанына қарамастан,  көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

09/02/2017

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағытындағы  жұмыстарға  талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық қауіптерін  және тұрақты жүйелі мониторингті жүргізе отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға емдеуге жіберілді

09/02/2017

Жарма  ауданының №2 аудандық сотында Шар қалалық ауруханысының  азамат И.-ды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға  емдеуге  жіберу туралы арызы қаралды.

Іс құжаттарынан  азамат И.  Жарма аудандық Шар қаласының орталық нарколог дәрігерінің алкоголизм дертінен шалдыққан аурулардың есебінде тұратыны, өз еркімен алкогольдік ішімдіктен емделгісі келмейтіні, ескертулерге құлақ аспайтыны анықталды.

Зырян аудандық сотының үкімімен бас бостандығынан шектелді

09/02/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК 106 б. 1 б. бойынша көзделген құқық бұзушылық жасаған (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру)  И.Н. Шемелинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, И.Н. Шемелин алкогольді масаң күйінде танысы И.Н.Куликов арасындағы жанжалға ұласқан даудың нәтижесінде қолмен аяқпен жәбірленушінің басына, денесіне соққылар жасаған, салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келтірілгені анықталды.

Пилоттық жоба бойынша шаралар

09/02/2017

Риддер қалалық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Іс-шаралар жоспары жасалып, сот төрағасымен бекітілді. Жоспарға негізгі шаралар ретінде судьялардың, медиаторлар мен адвокаттардың дөңгелек үстелдері, телевидениеде, радиода сөз сөйлеу, баспа өнімдеріне мақалалар жариялау, мекемелерде, ұйымдарда лекциялар оқу және ақпараттық стенд орналастыру шаралары енгізілді. Осы шаралардың орындаудың нақты мерзімі және жауапты тұлғалар тағайындалды.

Екі жақ татуласты

09/02/2017

Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73- бабының  1 бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімін орындамау үшін қамаққа алынды

09/02/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабымен келіп түскен әкімшілік ісі қаралды (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау).

Атқару құжаты күші жойылғаннан кейін жасалған сот орындаушының әрекеті заңсыз деп танылды

09/02/2017

Өскемен қалалық сотымен сот орындаушының әрекетіне қатысты шағым қаралды.

Істің мән-жайы бойынша анықталғандай сот орындаушымен атқарушылық әрекеті жүзеге асырылып отырған атқару құжаты күшін жойған, тиісінше, атқару құжатының күші жойылғаннан кейін жасалған сот орындаушының атқарушылық әрекеттері заңсыз болып табылады.

Сот шешімімен шағым ішінара қанағаттандырылды, атқару құжатының күші жойылғаннан кейін жасалған сот орындаушының атқарушылық әрекеттері заңсыз деп танылды.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында көші- қоны ережесін бұзды

09/02/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 517 бабы 4 бөлігімен әкімшілік іс қаралды. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы)

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың қаңтарында қаралған істер бойынша брифинг өтті

09/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Арай-Луч» аудандық газетінің өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың қаңтарында қаралған істер бойынша брифинг өтті.

Брифингте сөз алған соттың төрағасы А.М.Әли  БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп,   2017 жылдың қаңтарында қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады, аталған мерзім ішінде барлығы 6 азаматтық, 2 қылмыстық, 13 әкімшілік іс қаралғаны айтылды. Оның ішінде 1 азаматтық, 1 қылмыстық  және 1 әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады

09/02/2017

Зырян аудандық соты С.Овечкинға қатысты әкімшілік істі қарады.

С.Овечкин алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.