Архив событий

24/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот мамандары арасында семинар сабақ өткізілді

24/02/2017

Семинар Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің бекіткен Жоспарын  орындау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар жұмысына ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің бөлім басшылары мен облыстық соттың мамандары қатысты.

ШҚО бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты

24/02/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Азаматтық іс бойынша сот дауы тараптардың татуласуымен аяқталды

24/02/2017

Үржар ауданының №2 соты жеке тұлғалар арасындағы 20 000 теңге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.

Талап қоюшы   жауапкерге жоғарыда көрсетілген қарыз соммасын өндіру жайлы талаппен  сотқа жүгінді.

Өскемен қаласының №2 сотында Президент жолдауы талқыланды

24/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында судьялар мен сот  мамандары арасында  Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылдың 31 қаңтарындағы  Жолдауы талқыланды.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы елдің  болашақта даму жолына мықты серпіліс болып, сандық технологияларға негізделген  иновациялық экономикалық даму орталығында бәсекеге қабілеттілік екені атап көрсетілді.

Сотпен ұсыныс қаралды

24/02/2017

Риддер қалалық сотымен Риддер аумақтық бөлімі мемлекеттік сот орындаушысының К.Б.Түсіпбековке автокөлік құралдарын басқаруға берілген рұқсатнаманың күшін уақытша жою туралы ұсынысы қаралды.

Істі қарау барысында, К.Б.Түсіпбековтен баланы асырауға алимент табысының ¼ бөлігін өндіру туралы атқарушылық өндірісі 2012 жылдың 01 қазанында қозғалғаны анықталды. Алимент бойынша борышы 1 182 822 теңгені құрады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

24/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 106-бабы, 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыс жасаған Е.Поповаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Е.Попова алкогольдік ішімдік ішіп алып, нәтижесінде сөзге келіспей, балғамен қатысушылардың біріне дене жарақатын жасаған. Сараптаманың қорытындысы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені анықталды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

24/02/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыров «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Күршім  аудандық ІІБ-нің және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Е.Т.Шымыров  баяндамасында, сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік  саясаттың басты міндеті болып табылатынын, сондықтан онымен күрес әр мекеменің, жалпы қоғамдағы әр азаматтың борышы  екендігіне тоқталды.

Гуманизм (Ізгілік) заңы бойынша

24/02/2017

Риддер қалалық сотымен ҚК-тің 188-бабының, 4-бөлімі, 3-тармағымен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Қ.Қ.Ахмадиевтің,  ҚК-тің 188-бабының, 1-бөлімімен 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А.А.Коротиннің, ҚК-тің 191-бабының, 2-бөлімі 1,3-тармақтарымен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталған Ә.Б.Уәлиоллановтың, ҚК-тің 432-бабымен 3 жыл бас бостандығын шектеуге сотталған В.В.Архиповтың, ҚК-тің 106-бабының, 1-бөлімімен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған А.А.Целиковтың, ҚК-тің 106-бабының, 1- бөлімімен 3 жыл бас бостандығ

Әкімшілік істерді ресімдеуге қойылатын талаптар талқыланды

24/02/2017

Күршім аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді ресімдеу» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты. 

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі қағидаларын мүлтіксіз сақтау.

Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

24/02/2017

Жарма аудандық соты ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) М.Т.Кенешхалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Медиация тәртібінде бірқатар санаттағы даулар бойынша дауларды сотқа дейін шешу жөніндегі пилоттық жобаны талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

24/02/2017

Риддер қаласының мамандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың 17 ақпанда медиация тәртібінде бірқатар санаттағы даулар бойынша дауларды сотқа дейін шешу жөніндегі пилоттық жобаны талқылау бойынша дөнгелек үстел өткізді. Талқылауға соттың судьялары, мамандары, мемлекеттік сот орындаушылары және прокуратураның қызметкерлері, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ өкілі, медиатор А.Т. Кустаева қатысты.

Моральдық залал өндірілді

24/02/2017

Жақын туыстың өлімі орны толмас қайғы, отбасылық байланыс және  туыстық мүліктік емес құқықты, психикалық әл-ауқатты бұзатын қайтымсыз жағдай болып табылады. Егер кімге болсын жақын туысының өлімі негізінде рухани залал келтірілсе, ол қолданыстағы заңнаманың талаптарының  негізінде келтірілген моральдық залалды өндіруді талап етуге құқылы.

«Сот медиациясы жөнінде пилоттық жоба» тақырыбында дәріс өткізілді

24/02/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының бас маманы С.С.Дюсюпова Самар полиция бөлімінде  «Сот медиациясы жөнінде пилоттық жоба» тақырыбында дәріс  өткізді. Шараға полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26-қаңтардағы өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібен сотқа дейінге реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен» таныстырды.

Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында халықпен кездесу өткізілді

24/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 сотымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді.  

Іс шараға сот қызметкерлері, Катонқарағай АІІБ тергеушілері және Катонқарағай ауылының тұрғындары қатысты.

Қаруды сақтағаны үшін айыппұл салынды

24/02/2017

Үржар ауданының № 2  аудандық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен  (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік іс қарады.

Е.К.Токсеитовтың  тұрғылықты мекенжайында ішкі істер органдарының рұқсатынсыз 16 калибрлі  аңшылық қаруды сақтаған.

Марихуананы заңсыз сақтаған

24/02/2017

Бесқарағай аудандық сотымен В. Юрьевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.  Сотталушы В.Юрьев 2016 жылдың күз кезінде Канонерка ауылының шет жығында өсіп тұрған марихуана өсімдігін жинап алып, кептіріп, аталмыш есірткі затын өзінің қолдануы мақсатында заңсыз сақтап жүрген.

Өскемен қаласының №2 сотында жемқорлыққа қарсы іс- қимыл мәселелеріне қатысты семинар өткізілді

24/02/2017

Өскемен қаласының №2 соты жұмыс жоспарын орындау барысында  жемқорлыққа қарсы іс- қимыл мәселелеріне қатысты семинар сабақ өткізді.Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

Судья А.Исахан семинарлық сабақты  аша отырып, «Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы» тақырыбында  баяндама оқыды.

Пилоттық жобаны талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

24/02/2017

Глубокое аудандық сотымен аудан орталығында орналасқан медиация кабинетінде кәсіпқой емес медиаторларға арналған дауларды (жанжалдарды)  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша Пилоттық жобаны  жүзеге асыру жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Глубокое аудандық сотының судьясы И.Д. Рахметова және кәсіпқой емес медиаторлар - Т. Глушкова, Г.Берестова, Г.Г. Валиев қатысты.

«Еңбек тәртібін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті

24/02/2017

Глубокое аудандық сотында аға сот приставы А.Затаевпен «Еңбек тәртібін сақтау. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар» тақырыбында кеңсе мамандарына арнап, семинар сабағы өткізілді.

А.Затаев өз баяндамасында еңбек тәртібіне тоқталып, мемлекеттік қызметкерлерге қойылған талаптарға тыңдаушылардың назарын аударды. 

Медиаторлар татуласу рәсімдеріне белсене үлес қосқаны үшін марапатталды

24/02/2017

Ұлан аудандық сотында аумақтық кәсіби  және кәсіби  емес медиаторлармен кездесу өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының ережесі түсіндірілді.

Пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері бітімгершілік рәсімдерді қолдануаясын кеңейту және судьялардың жүктемесін азайту және істерді қарау мен шешу бойынша процеске қатысушылардың және соттардың шығындарын азайту болып табылады.

ШҚО сотының судьясы Астанада өткен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут- форум қатысты

24/02/2017

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы Медиация Кеңесінің бастамасымен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут-форум өтті.