Сотпен ұсыныс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен Риддер аумақтық бөлімі мемлекеттік сот орындаушысының К.Б.Түсіпбековке автокөлік құралдарын басқаруға берілген рұқсатнаманың күшін уақытша жою туралы ұсынысы қаралды.

Істі қарау барысында, К.Б.Түсіпбековтен баланы асырауға алимент табысының ¼ бөлігін өндіру туралы атқарушылық өндірісі 2012 жылдың 01 қазанында қозғалғаны анықталды. Алимент бойынша борышы 1 182 822 теңгені құрады.

Сот ұйғарымымен Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысының К.Б.Түсіпбековке автокөлік құралдарын басқаруға берілген рұқсатнаманың күшін уақытша жою туралы ұсынысы қанағаттандырылды. К.Б.Түсіпбековтің жүргізуші куәлігінің күші уақытша тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі