Архив событий

07/02/2017

Ардагерге құрмет

07/02/2017

Сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья  Жұмабике Қанашқызы Баекенованың 80 жасқа толуына орай, Риддер қалалық сотының судьясы М.Тоқжанов Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтың құттықтауын жеткізіп, Құрмет грамотасын табыс етіп, ШҚОсудьялар Одағының  филиалының ақшалай сыйлығын тапсырды.

ЖШС-нің құрылтайшысы әкімшілік қамаққа алынды

07/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты К.Т.Абдильдинге  қатысты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Азаматттық іс медиация тәртібінде реттелді

07/02/2017

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-сі «HOME МАСТЕР» ЖШС-нен 1 088 658 тенге көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу  туралы келісімді келесі шарттар бойынша жасады:

1. «HOME МАСТЕР» ЖШС-і болашақта келісімнің шарттарын бұзбауға және төлемді уақытында төлеуге міндеттеледі.

«Еңбек тәртібін сақтау. Өткізу режимін сақтау. Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу»

07/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот приставы А.Отарбаев «Жастар бағдарламасы»және«Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары аясында жұмысқа тартылған мамандармен «Еңбек тәртібі, өткізу режімі, сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында  А.Отарбаев жас мамандарды еңбек тәртібі және соттағы өткізу режимі тәртібімен таныстырды.

Медиацияны қолдануымен қаралды

07/02/2017

Бүгін Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен екі азаматтық іс медиация қолдануымен қаралды.

Екі іс бойынша тараптар арасында қарызды уақытында қайтару туралы келісім шарт болғанын, алайда жауапкерлер көрсетілген уақытта қарызды қайтармай, өздеріне алған міндеттерді орындамаған деп талапкерлер сотқа талап арыздар келтірген.

Сот отырысында тараптар соттан медиация рәсімін реттеу туралы келісімдерді бекітіп, істерді өндірістен қысқартуды сұраған.

Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді

07/02/2017

 

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Д.Н. Нургалиевпен мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу туралы арнайы кездесу өткізілді.

Ашық есік күні

07/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан-Американдық еркін Университетінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов болашақ заңгерлерге Қазақстан Респуликасының сот жүйесі бойынша және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ерекшеліктерін атап өтті.

Тарбағатай аудандық сотында Президенттің кезекті жолдауы талқыланды

07/02/2017

Сот төрағасы К.М.Садуакасова судьялар мен кеңсе мамандарын жинап, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

Жолдаудағы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, әкімшілік айыппұлдың әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуы тиіс деген тұжырымына назар аударды.

Тиісінше хабарландырылу мақсатында

07/02/2017

2017 жылдың 01 ақпанында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. А.М.Жилкашинованың төрағалық етуімен кеңсе мамандарына «Соттың хабарлаулары мен шақырулары барысында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинарлық сабақ аясында бас маман сот отырысының хатшысы А.Нұрилла сот ісін жүргізуге смс-хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, гибридті электрондық пошта, сот кабинеті және басқа да инновациялық технологияларды ендіру жөнінде айтып өтті.

Сот жұмысшының құқықтарын қорғады

07/02/2017

 

Өскемен қалалық сотына азамат Н. жауапкер Жеке кәсіпкер «С» жалақысын өндіру жайлы талаппен жүгінді. Онда ол жауапкерде жүргізуші болып жұмыс істегенін, сонымен қатар жарнамалық өнімдерді жасаумен және өңдеумен айналысқанын. Алайда тараптар арасында еңбек шарты түзілмегенін, жауапкер осыған байланысты жалақысын төлеуден бас тартқан.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

07/02/2017

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының өкімімен  Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы 2017 жылдың ақпан айынан бастап іске қосылып, шілде айына дейін жалғасады.

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы дау медиациямен аяқталды

07/02/2017

Өскемен қалалық сотына А ЖШС жұмыскер Г-ға материалдық залалды өндіру туралы талап қою туралы арызымен келесі негіз бойынша жүгінген. Еңбек шарты бойынша жауапкер жұмысқа экспедитор ретінде қабылданған. Қызметтік нұсқаулыққа сәйкес экспедитор маршруттық парағына сай әр сауда орнына баруға, накладной бойынша тауар беруге, тауар ақшасын алуға және базаға оралғанда барлық қаражатты кассаға тапсыруға міндетті. Алайда, еңбек қызметі кезеңінде жауапкермен қаражаттың үздіксіз жетіспеушілікке жол беріп отырған, оған түсініктемесі дәлел.

Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану

07/02/2017

Ұлан аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану»  тақырыбында семинар өтті.

Семинарды жетекші маман Ш.Б. Жомартова ашты. Ол мемлекеттік тілді еркін меңгеру әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті деп танып, тіл – халықты топтастырудың маңызды факторы болып табылатынын ескеріп өтті.

Мектептің атына жекеше қаулы шығарылды

07/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотымен кәмелетке толмағанның анасына қатысты әкімшілік істі қарау барысында аталған баланың анасы осымен екінші рет кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ӘҚБтК-тің 442 бабының 2 бөлігіне сәйкес жауапқа тартылғаны анықталды.

Іс материалдарына сәйкес кәмелетке толмаған бала «№ 20 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де оқиды.

Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы қайталап бұзғаны үшін жауапқа тартылды

07/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 480-бабының 1-бөлігімен (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Е.Сартовқа   қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орынға алкогольдік масаң күйде келгені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

07/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен  Е.Б.Карымсаковқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Е.Б.Карымсаков Семей қаласы, Пищевиктер көшесінде  алкогольдік ішімдік ішкен, ұсқынсыз киінген және адамның қадір-қасиетіне, әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген.