Архив событий

14/02/2017

Ел болашағы – мемлекеттік тілде

14/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында 2017 жылдың 1-жартыжылдықта жоспарлы іс-шараны іске асыру шеңберінде, мемлекеттік тілдің дамуына арналған  ашық есік күні өтті.

Шараға Өскемен қаласының Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің3 курс студенттері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотының бас маманы Д.Бектасова өз баяндамасында «29.06.2011 жылғы ҚР Президентімен бекітілген, 2011-2020жж. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану және мемлекеттік даму бағдарламаларына» қатысты сұрақтарға жауап берді.

Өндіріп алу туралы Қаулылар орындалуға тиіс

14/02/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен мемлекеттік билік институтына залал келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған С.С. Требухинге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қаралған.

Жол-патрульдік полициясы қызметкерінің Қаулысымен 5 (бес) айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде өндіру кесілген,  алайда С.С. Требухин әкімшілік айыппұлды  төлемеген. 

Психотроптық заттарды сақтап, өткізгені үшін сотталды

14/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК 297 бабы 1 бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) қылмыс жасаған Е.Сороковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Есірткелік зат сақтағаны үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды

14/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК 296 бабы 3 бөлігімен (ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) қылмыс жасаған В.Шахинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта полиция қызметкерлерімен В.Шахинға тиесілі гараждан, пакетте оралған қою-жасыл түсті өсімдік зат табылып, алынған. Маманның қорытындысы бойынша аталған өсімдік, аса ірі мөлшерге есептелетін жалпы салмағы 230,54 грамм болатын есірткелік зат «марихуана» екендігі анықталды.

Ұлан аудандық соты 2017 жылы қаңтар айында салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу туралы 172 сот бұйрықтарын шығарды

14/02/2017

Ұлан аудандық соты 2017 жылы қаңтар айында бұйрық арқылы iс жүргiзуде 172 азаматтық іс қарап, Ұлан ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының 142 өтініштері бойынша сот бұйрықтарын шығарды.

Өндірушілер жеке тұлғалардан мүлікке, жер учаскесіне және көлік құралдарына салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару жөнінде өтініштермен сотқа жүгінді.

Жол-көліктік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл

14/02/2017

Бесқарағай аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстардын немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша С.Тусуповты кінәлі деп таныған.                            

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды талқылау

14/02/2017

Бородулиха аудандық сотында судьялардың және сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен бекітілген, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы Ережесі талқыланды.    

Іс-шара барысында аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова  жобаның мақсаты татуластыру рәсімдерінің қолдану саласын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту және дауларды сот алды шешудің тұрғындарға тиімділігін ашу екенін айтып өтті.

Медиаторлардың жұмысы қорытындыланды

14/02/2017

Глубокое аудандық сотында сот төрағасы С.Жансейіттің, судьялары А.Рахимжанова, Ә.Болатованың аудан орталығында жұмыс істейтін кәсіпқой емес медиаторлар - Н.Саенко, Т.Глушкова,  Г.Берестова, А.Забировпен кездесуі өтті.

Сот төрағасы С.Жансейіт  медиатор Т.Глушковаға медиация институтын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың атынан  берілген алғыс хатты табыстады.

Табиғаты қорғау қажет

14/02/2017

ШҚО Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 2-бөлігімен  /орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау/ айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық   іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Күршім ауылының тұрғыны  А.  «Күршім орман шаруашылығы» КММ-нің қарауындағы орманның қорына кіретін аумаққа барып диаметрі 31 см. болатын 1 дана терек ағашын кескен. Осы әрекетімен «Күршім орман шаруашылығы» КММ-не  зиян келтірген.

Мектептегі лекция

14/02/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Т. Дремлюх қаланың №10 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары алдында «Даулардың кей санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін жүзеге асыру» тақырыбына лекция оқыды.

"Риддер қаласының ІІБ" ММ-де семинар сабағы өтті

14/02/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрайымы Г.Ж. Оспановамен және судья Ж.Н. Жунусовамен "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру дұрыстығы, дәлелдерді жинау, істерді сотқа жолдау мерзімдері" тақырыбына Риддер қаласының ІІБ қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді.