Архив событий

17/02/2017

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын тәжірибеде қолданудың кейбір мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

17/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын тәжірибеде қолданудың кейбір мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі қағидаларын мүлтіксіз сақтау.

Катонқарағай аудандық сотында Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында тұрғындармен кездесу өткізілді

17/02/2017

Жоғарғы Соттың жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында «Үлкен Нарын ауылдық округ әкімдігі» ММ-де тұрғындармен кездесу өткізілді, оған  кәсіби емес медиатор, мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғамдық үкіметтік емес ұйым  және аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері қатысты, сонымен қатар пилоттық жоба қатыстылығы бар адвокаттар, нотариустар, «Компетент» сақтандыру компаниясы және  «Лондон Алматы» сақтандыру компаниясы менеджерлер  қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі тақырыбында брифинг өтті

17/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке сот төрағасы, сот мамандары, аумақтық «Арай-Луч» газетінің өкілдері мен Катонқарағай заң консультациясының қорғаушылары қатысты.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жеткізу.

Жеке қаулы шығарумен қаралған әкімшілік істер

17/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен жеке қаулы шығарумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 15 іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырғанда, құқықбұзушының анкеталық деректерін анықтауда бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Олар құқықбұзушымен алкогольдік масаю кезінде құқықбұзуды жасауды хаттамаға түсіруге  әкімшілік заңнаманың талаптарын бұрмалау және құқық бұзушының аты-жөнін дұрыс жазбау сияқты қателіктер Бородулиха аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметіне қатысты жеке қаулы шығаруға негіз болып танылды. 

Президент үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

17/02/2017

Риддер қалалық соты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында мемлекеттік органдармен мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Елбасының арнайы жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Осы шараға «Нұр Отан» партиясының, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отбасылық жанжал татуласумен аяқталды

17/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен ӘҚБтК-тің 73-бабы, 2-бөлігімен қарастырылған (отбасылық-тұрмыстық қатынаста заңға қайшы әрекет  жасау бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тарбағатай аудандық сотында екі азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

17/02/2017

Сотқа «Finance» арнайы қаржы компаниясы» банкінің қарыз келісім шарты бойынша жауапкерлер А.Мұқышевадан және Р.М.Габдулинадан қарызды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінген.

Судья К.Садуакасова Азаматтық процестік кодекстің 146-бабындағы істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктеріндегі талапқа сәйкес азаматтық істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талапкердің талаптарын қанағаттандырды.

Жаза мерзімі қысқартылды

17/02/2017

Курчатов қалалық сотында ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған А.Т. Абдікәрімовке рақымшылық туралы актінің шығарылуына байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс қаралды.

Өтінішті қарау барысында анықталғаны, сотталған ШҚО бойынша Курчатов қаласының пробация қызметінде есепке тұрған, жазаның 11 ай 21 күнін өтеген.

Қылмыстық іс бойынша медиация

17/02/2017

Риддер қалалық сотымен жеке айыптаушы М.Ж.Билялованың ҚК-тің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру) белгіленген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін Б.К.Тауфиковті айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істі басты сот талқылауына тағайындауға дейін жеке айыптаушы М.Ж.Биляловадан және сотталушы Б.К.Тауфиковтан сотқа ҚК-тің 108-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы өтініш түсті.

Медиация тәртібімен қысқартылды

17/02/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Б.А.Раймбековке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Б.А.Раймбеков өзінің үйінде алкогольдік  мас күйінде жанжал шығарып,  жұбайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

17/02/2017

Көкпекті  аудандық сотында  сот приставы Б.Құржанбаев Көкпекті аудандық Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасының  қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға  взвод командирі аға лейтент  Е.Нұрғалиев және Мамандандырылған Кузет Қызметі Басқармасының қызметкерлері Б.Ахметқалиев, Ж.Жамбусинов, К.Сейтханов қатысты.

Заңсыз құрылыс жасағаны үшін айыппұл тағайындалды

17/02/2017

Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 463-бабы, 1-бөлігінде (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Э.А.Досановаға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

17/02/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотымен ҚК-нің 108-бабымен жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) Ж.З.Рахимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай  Ж.З.Рахимов алкгольдік масаң күйінде  бола тұра, жанжал кезінде жұбайының бетінен  ұрған. Сот отырысында тараптармен медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Рақымшылық жасау туралы актінің негізінде жазадан босатылды

17/02/2017

Зырян аудандық сотында Зырян ауданының №1 пробация қызметінің сотталған  К.И.Никифоровты жауаптылықтан амнистиямен босату туралы өтініші қарастылды.

Зырян аудандық сотының үкімімен К.И.Никифоров ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігімен, 3-тармағы бойынша 2 жылға шартты түрде, пробациялық бақылау орнатумен  сотталған.

Сот қаулысымен сотталған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай рақымшылық туралы» Заңының 2-бабының, 3-бөлігі негізінде жазадан босатылды.

Көлік құралын мас күйінде басқарған

17/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (көлікті алкогольдік масаң күйде басқаруы)  азамат  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  Бурабай ауылының тұрғыны көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқарған. Сөйтіп, ол Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2- тармақтарныда қаралған ережені бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Зырян ауданының №2 аудандық сотында медиатордың көмегімен қылмыстық іс қысқартылды

17/02/2017

Зырян аудандық №2 сотының өндірісінде  ҚР ҚК-нің 108-бабына сәйкес  (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру)  бойынша  азамат  С.П.Гановичевке қатысты  жеке айыптау бойынша  қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші  О.Кудряшованың жеке шағымында азамат Гановичев  алкогольдік  ішімдік ішкен күйінде жәбірленушіге қол көтеріп, оның денсаулығына сараптаманың  қортындысы бойынша жеңіл жарақат келтіргені анықталды. 

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

17/02/2017

Глубокое аудандық сотымен Р.Кипкеевке қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібінде бітімгершілікке келуіне байланысты тоқтатылды.

 Жеке айыптау туралы шағымға сәйкес Р.Кипкеев Қылмыстық кодексінің 108-бабында көрсетілген денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру түріндегі қылмыс жасаған деген айып тағылған.

Медиаторға алғыс хат табысталды

17/02/2017

Абай аудандық сотының ғимаратында БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық соттың төрағасы Д.С. Әміровтың атынан медиацияның дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хатымен кәсіби емес медиатор Ш.Е. Несіпбаев марапатталды.

Шыңғыс Елемесұлы тек қана Абай ауданының қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген азаматтардың бірі ғана емес, сонымен қатар, Қарауыл ауылдық округі ақсақалдар алқасының басшысы. Оның белсенділігінің арқасында 2016 жылы аудандық сотта 37 азаматтық, 19 әкімшілік, 4 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқарды.

Рақымшылық жасау туралы Заң қолданылды

17/02/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотында  Ішкі Істер Министірлігі ШҚО Бойынша Қылмыстық атқару Жүйесі Департаменті Зырян аудандық № 2 пробациялық қызметінің басшысының  ҚК-тің 175-бабы, 2-бөлігі, «А» тармағымен 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге  сотталған  А.С. Сидоренконы  негізгі жазадан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес босату туралы ұсынымы қаралды .