Архив событий

21/02/2017

Марихуананы заңсыз сақтаған

21/02/2017

Жарма аудандық сотымен А.А.Болатказиновқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының, 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А.А.Болатказинов 2016 жылдың күз кезінде Қалбатау ауылының шет жығында өсіп тұрған марихуана өсімдігін жинап алып, кептіріп, аталмыш есірткі затын өзінің қолдануы мақсатында үстіне киген киімінің қалтасында заңсыз сақтап жүрген.

Дау медиация тәртібімен реттелді

21/02/2017

Курчатов қалалық сотында пәтерді су басып қалу салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, талапкер өзінің талабында өзінің пәтерін су басып кеткені салдарынан, материалдық шығын келтіргенін айтқан. Шығын 300 858 теңге сомасын құраған.

Дауды тиісінше шешкенге дейін тараптар медиация тәртібінде бітімгершілік келісімге келген, соған сәйкес жауапкер көзделген залал сомасын талапкерге көрсетілген мерзімге дейін төлеуді міндетіне алды.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру жөнінде семинар өткізілді

21/02/2017

Ұлан сотының судьясы Х.К.Тлеубергенова соттың судьялары мен мамандарына «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру» тақырыбында семинар өткізді

Өз сөзінде Ұлан аудандық сотының судьясы пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

21/02/2017

Жарма аудандық сотында кеңсе меңгерушісі М.З.Құсманова сот қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбында семинар өткізді.

Семинар  барысында М.З.Құсманова мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандартын орнату және оларды орындауын жүйелі түрде бақылау халықтың мемлекетке деген сенімінің арта түсуіне, мемлекеттік қызметте қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң ережелерінің және қызметтік әдептің бұзылуының алдын алуға туралы айтты.

Мдиатормен кездесу өтті

21/02/2017

Шемонаиха аудандық сотының ұжымымен Шемонаиха ауданының кәсіби емес медиаторы Н.М.Щербашинамен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар медиацияның институтын жетілдірген, татуласу рәсімдерін қолданудың аясын кеңейтілген жаңа АІЖК-не сәйкес медиацияны қолдану бойынша негізгі ережелері мен талаптары талқыланды.

Курчатов қалалық полиция бөлімінде семинар өткізілді

21/02/2017

Курчатов қалалық сотының судьяларымен шығарылған жекеше қаулылардың көптігіне байланысты Курчатов қалалық полиция бөлімінің бастамасымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды сотқа жолдау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға Курчатов қалалық соты төрағасының м.а. А.К. Сыздыков, судья Э.З. Рауясова, Курчатов қалалық ПБ-нің бастығы полиция полковнигі К.С. Кумаргажин, Курчатов қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі, Ө.Б. Даембаев және Курчатов қалалық ПБ-нің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Катонқарағай аудандық сотында «Төрелік ақпараттық жүйесіндегі электронды құжат алмасу» тақырыбында семинар өтті

21/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Төрелік ақпараттық жүйесіндегі электронды құжат алмасу» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға кеңсе меңгерушісі  Э.К. Жансұлтанова және сот қызметкерлері қатысты.

Төрелік ақпараттық жүйесі жүйелі түрде кіріс, шығыс  және ұйымдастыру-тағайындау құжаттарын электронды түрдегі тіркеу-бақылау карточкаларының негізінде тізімге алуға арналған жүйе екендігін атап өтті. Құжат алмасу рәсімдері сот органдарының  ақпараттық модулдерін қолдану регламентіне сәйкес және қолданушының  нұсқаулығын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

21/02/2017

Жарма аудандық сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында  қарастырылған (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған А.Қапарға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

А.Қапарға  өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Новошульбі ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізілді

21/02/2017

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» жоспарды орындау мақсатында аудандық сот төрағасы С.Д.Байбосыновамен қанатқақты жобаны түсіндіру бойынша Новошульбі ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өтті. Кездесуге ауылдық округінің әкімі К.К.Карымова, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және ауылдық округ тұрғындары  қатысты.

Алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін жүргізу куәлігінен айырылды

21/02/2017

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы)  Е.Алпысбаевқа қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Іс  материалдарынан, Е.Алпысбаевтың өзінің жеке меншік автокөлігімен  Ақжар ауылының Жамбыл көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде басқарып, жол жүру ережелерінің 2.4.2 тармағының талаптарын бұзғаны бекиді.   

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында борышкер сот актісін орындамағаны үшін жазаланды

21/02/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)    құқықбұзушы Е.Абылаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Рұқсат құжаттарынсыз балық тасымалдаған

21/02/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының, 1-бөлігімен (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) қарастырылған В.Тупицинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғаны, В.Тупицин «Москвич-412» маркалы автокөлігінде, рұқсат құжаттарынсыз  26 кг. балық («алабұғы») тасымалдаған.

Дау (жанжал ) пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен реттеліп, медиациялық келісім сотпен бекітілді

21/02/2017

Зайсан аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

 Істі сот отырысына қарауға дайындау барысында сотпен тараптарға сотта жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүргізілуіне байланысты, АПК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дауды (жанжалды)  медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен істі аяқтау құқығы түсіндіріліп, ол туралы тараптарға ұсыныс жасалған.

Бір күнде заңсыз балық аулағандар туралы жеті әкімшілік іс қаралды

21/02/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы  3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстары  мен басқа да су  жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік істер қаралды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары»

21/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Е.С.Қоянбаев, Қ.Б.Зәбенов, Л.А.Побияха, Н.А.Жақсыбекова, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.