Архив событий

27/02/2017

Алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

27/02/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты ӘҚБтК-нің 200-бабы, 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу)  әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Б, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрып, Тарбағатай ауданында азық-түлік тауарын сататын дүкен ашып, жұмыс істеп, 20.02.2017 жылы сағат 10.30 кезінде бір пачка «Бонд» маркалы темекі мен бір құмыра «Парламент» ішімдігін сатқан.

Қорғау нұсқамасын бұзу туралы әкімшілік іс қаралды

27/02/2017

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461-бабы (Ішкі істер органы шығарғанқорғау нұсқамасын бұзу) бойынша К.Нигметжановқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот Тарбағатай ауданы ішкі істер бөлімі Ақжар полиция бөлімі тарапынан К.Нығметжановқа шімдік ішкен масаң күйде апайын балағаттап жанұя тыныштығын бұзғаны үшін 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылып, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда ӘҚБтК-де көзделген жауапкершілікке тартылатыны ескертілген.

Тарбағатай аудандық соты жер Кадастр бөліміндегі заң бұзушылықтарға қатысты жеке ұйғарым шығарды

27/02/2017

«Ермұрат» шаруа қожалығының иесі «Арман» шаруа қожалығының иесін заңсыз салған қора-жайдан шығаруды міндеттеп, меншік жерін алып беруді және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен  Тарбағатай аудандық сотына жүгінген.

Сотта істі қарау барысында, тараптардың екеуіне де аудан әкімінің қаулысы негізінде "Көккемер" елді мекенінен жер бөлінген, тараптар алған жерлерін заңдастырып, оған тиісті жер актілерін алғандары анықталған.

Петропавловка ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

27/02/2017

Кездесуде Бородулиха аудандық сотының төрағасы «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесін» талқылады. Талқылауда Петропавловка ауылдық округінің әкімі Ш.А.Абдилов және округ тұрғындары қатысты.

Дау медиация арқылы шешілді

27/02/2017

Аягөз аудандық сотында қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкерге 130 000 теңге қарызға ақша берген. Жазып берген қолхат бойынша жауапкер міндеттерін орындамаған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация арқылы аяқтауға ниеттерін білдіріп, арызданды. Медиация рәсімін тараптардың арызының негізінде аудандық соттың судьясы жүргізіп, медиация қорытындысы бойынша медиациялық келісім жасалды. Нәтижесінде сот медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық істі қысқартты.

Медиатор Алғыс хатпен марапатталды

27/02/2017

Көкпекті  аудандық сотында  Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы кәсіби емес медиатор Т.Жұмағұловпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы кәсіби емес медиаторлардың Көкпекті аумағында медиация институтына қосқан  елеулі үлесін атап өтті.

Сонымен қатар Ә.Бақытбекұлы  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының қосылғанын айтып өтті.

«Жаңа пилоттық жоба» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді

27/02/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Жаңа пилоттық жоба» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясына сот төрағасы Н.Нұралинов, Самар аумағы бойынша  кәсіпқой емес медиатор Н.Шалова,  аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің өкілдері қатысты.  Өз сөзінде сот төрағасы Н.Нұралинов  2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы сот төрағасымен өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сот алдындағы дауды реттеу  пилоттық жобасының бекітілгенін түсіндіріп кетті.

Медиацияның артықшылықтары жөнінде дәріс өтті

27/02/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Г.Е.Тлеудинова Риддер қаласының «Шаңырақ» мектебінің ұжымы алдында «Даулардың кей санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін жүзеге асыру» тақырыбына дәріс  оқыды.

Жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрімен көлікті басқарғаны үшін жазаланды

27/02/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша құқық бұзушылық жасаған С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта С.-ның автокөлікті көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiмен басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, ол бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Рақымшылық Заңы қолданылды

27/02/2017

Аягөз аудандық соты ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық Пробация қызметі бөлімінің бастығының сотталған Т-ның жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысын қарады.

Сотта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан шектеуге сотталған Т-ны жазаны одан әрі өтеуден босату туралы ұсынысты қанағаттандыруды сұрады.

Ресей азаматы көші-қоны саласындағы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

27/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресей Федерациясының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігіне сәйкес (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмау) әкімшілік іс қарады.

Сотта Н.Н. Бояри Ресей Федерациясының азаматы бола тұра Қазақстан Республикасына жеке жұмыстары бойынша келіп, иммигранттардың Қазақстан Республикасы аумағына келіп кету қағидасын бұзып, тіркеу кезінде көрсеткен мекен-жайда тұрмай,  әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.

100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

27/02/2017

Аягөз аудандық сотымен К.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Аягөз АІІБ-нің қызметкерлері жедел алдын алу шарасын өткізу барысында  азамат К-ні тоқтатып, тексеру кезінде курткасының ішкі қалтасынан есірткі заты – марихуана табылып, тәркіленіп алынған.

Сот актілерін орындау мәселесі талқыланды

27/02/2017

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен сот актілерін орындау мәселесін талқылауға арналған жиналыс өтті.

Жиналысқа Глубокое аудандық сотының судьялары Амиров Б.Г., Рахимжанова А.С., Глубокое аумақтық мемлекеттік сот орындаушылар бөлімінің басшысы Аубакиров Н.М., жеке сот орындаушылар Акышева Г. және Тукужуков Б.Ч. қатысты.

Брифинг өткізілді

27/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша» брифинг өткізілді.

Брифингке аудандық прокуратурасының прокурор көмекшісі Д. Рахимжанов, адвокат Б.Құсаинова, жергілікті полиция қызметкері К.Абенов және аудандық  «Арай-Луч»  баспасөзінің журналисті Т.Самойлованың қатысуымен өткізілді.

Сот Семей қаласының әкімшілігін жіберілген кемшіліктерді жоюға міндеттеді

27/02/2017

Семей қалалық сотымен іс-әрекеттерге дау айту туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа Семей қаласы әкімінің іс-әрекеттерін даулау туралы арызбен жүгініп, төрт айдың ішінде бірнеше рет, Семей қалалық халық депутаттарының Кеңесінің атқару комитетінің шешіміне және тіркеу куәлігіне өзгерістерді енгізу бойынша шара қолдануды сұраған. Өзінің өтінішінде аталған құжаттарда шешесінің тегі қате жазылғандықтан, мұраға құқық туралы куәлігін ресімдеуіне кедергі болып тұрғандығын көрсеткен. Бүгінгі күнге дейін өтініштерге ешбір жауап алмаған.   

Қайталап құқық бұзушылық жасаған

27/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383- бабының 4-бөлігімен  (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу. Бұл әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған)  азамат  Б.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жоғарғы оқу орында білім алып жатқан, кәмелетке толған азаматтың қажеттілігіне ақша қаражаты өндірілді

27/02/2017

Өскемен қалалық сотында кәмелеттік жастағы баланы асырауға алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзі университетттің бірінші курс студенті болып табылатындығын көрсете отырып, жауапкерге қатысты алимент өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот отырысында анықталғандай, талапкер жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде ақылы негізде оқиды. Алайда, оның әкесі ерікті түрде кәмелетке толған өзінің баласын асырауға ақы төлеуден бас тартқан.

Заңсыз балықты өткізу кезінде ұсталған

27/02/2017

ШҚО  Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389- бабының 1-бөлігімен (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) азамат  О.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  О. автокөлігімен  балық тасуға жолдама құжаттарынсыз балықтарды заңсыз алып өткен.

ЖҚО-ның салдарынан төрт көлікке залал келтірілді

27/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Н.Копбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдануы

27/02/2017

Үржар аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылау бойынша сот төрағасы Д.С.Серикбайдың  басшылығымен дөңгелек үстел өтті.      

Бұл шараға судья Б.А.Иманмадиев, Үржар ауданының прокуратурасының өкілі, аудандық пробация қызметінің қызметкері,  сот мамандары қатысты.

Судья дәріс оқыды

27/02/2017

Риддер қалалық сотының судьясы Г.Е.Тлеудинова Риддер қаласының «Шаңырақ» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары алдында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы» тақырыбына дәріс оқыды.

Шара мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік оқу кредиті бойынша қарыз өндірілді

27/02/2017

«Қаржы орталығы» АҚ-ы азаматша М.-ға қатысты оқу бойынша қарызды және тұрақсыздықты өндіру талабымен Өскемен қалалық сотына жүгінген.

 Іс материалдарына сәйкес, азаматша М, мен «Қаржы орталығы» АҚ,  ЖОО араларында үшжақты кредиттік келісім бекітілген. Оның шарттары бойынша «Қаржы орталығы» АҚ   ЖОО-на студент-борышкердің оқуы үшін мемлекеттік оқу кредиті бойынша ақша қаражатын аударған. Жауапкер  ЖОО-ны аяқтап, оқу кредиті бойынша өзінің міндеттерін ішінара орындаған.