Архив событий

08/02/2017

Миллиондарға медиация

08/02/2017

Өскемен қалалық сотымен К-ның ЖШС-і А-ға  қатысты зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді. Іс бойынша күзетілетін ақылы тұрақта тұрған автокөліктің өртеніп кеткендігі анықталды. Жауапкер өзіне сақтауға өткізілген автокөліктің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етпеген. Келтірген зиян мөлшері 5 099 000 тенгені құраған.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді

08/02/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 12 айында атқаралған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихатына Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, «Менің өлкем», «Мой город», «Алдаспан» газеттерінің журналисттері мен «yk.kz» сайтының тілшісі қатысты.

«Төрелік» жүйесінде электрондық атқару құжаттарын жолдау мәселелері бойынша семинар өтті

08/02/2017

Глубокое аудандық  сотынының судьясы  А.Рахимжанова   «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Глубокое аудандық сотының судьялары А.Болатова, И.Рахметова және сот мамандары қатысты.

Сот үш сотталушыға қатысты рақымшылық заңын қолданды

08/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Күршім аудандық №2 пробация қызметнің бөлімшесінен келіп түскен үш сотталушыға қатысты ұсыныстарды қарады. Аталған тұлғалардың жасалған қылмыстары кішігірім және ауырлығы орташа қылмыстар қатарына жатады.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-ші бабы негізінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес кішігірім, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған тұлғалар қылмыстық жазадан босатылды.

Есірткіні қолданып көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылды

08/02/2017

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 608 бабының 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару)  И.Ушаковқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта И.Ушаковтың есірткіні қолдану нәтижесінде масаң күйінде автокөлік құралын жүргізгені анықталды.

Сот қаулысымен И.Ушаков ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұра қалдырушының жұбайы лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілді

08/02/2017

 

Өскемен қалалық сотымен Ж-ның лайықсыз мұрагерді мұрадан шеттету туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істің мән-жайы бойынша анықталғандай сот үкімімен азаматша Б. заңды некеде болған жолдасы К-ны өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, оған жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеу арқылы сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ұлан аудандық сотында жеке қаулылар мен мен ұйғарымдарды есепке алу және орындау сұрақтары талқыланды

08/02/2017

Ұлан аудандық сотында жеке қаулылар мен мен ұйғарымдарды есепке алу және орындау сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинар сабағына кеңсе меңгерушісі Н.Кисыкова, сот отырысының хатшылары С.Ашимжанова, А.Гайсина, жетекші мамандар Ш.Б.Жомартова, Н.О.Сатпаева қатысты.

«Сот актілерін орындаудың маңызды мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

08/02/2017

Жарма аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың маңызды мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма ауданы сотының судьялары А.М. Садуакасова,  Д.Т. Толегенов,  Жарма ауданы прокурорының көмекшісі Е.М.Муратов және мемлекеттік сот орындаушы А. Шагирова қатысты.

 Іс-шара барысында өткен жылдар аралығындағы  сот актілерінің орындалуына қатысты мәселелер - мүлікті тәркілеу, айыппұлдарды өндіру, заттай дәлелдемелерді мемлекеттік кіріске айналдыру бөліктері және т.б. талқыланды.

Дауыл зардабы

08/02/2017

Өскемен қалалық сотымен  зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша қаралған азаматтық іс дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітумен  аяқталды.

Іс материалдарынан ұшқын жел салдарынан профильді қаңылтыр темірлердің гараж төбесінен сыдырылып, гараждын жанында тұрған автокөлікке құлағаны байқалады.  Сонымен қоса ол профильді қаңылтырлардың төбеге дұрыс бекітілмегендігі де белгілі болды.  Сот отырысында тараптар  дауды медиация тәртібімен шешуге келісті.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты Рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылды

08/02/2017

Жарма аудандық сотына Солнечный кентінде орналасқан ОВ-156/21 мекемесінің сотталған М-ға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты Рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану туралы ұсынысы келіп түсті.

Борышкердің құқықтары қалпына келтірілді

08/02/2017

Азамат А. сотқа жауапкер Банкке қатысты банктік қарыз шартын, міндеттемені алдын-ала өтегеніне байланысты, орындалды деп тану туралы талап-арызбен жүгінген.

А. өзінің талаптарын келесідей баяндаған, 500000 тенге көлеміндегі қарызды алып, 19 күннен кейін банк менеджерінің кеңесіне байланысты, 515 000 тенге көлеміндегі ақша қаражатын қарызды толығымен жабу үшін төлеген болатын. Алайда 2 жыл  өткеннен кейін, банк талапкерді 550 000 тенге көлеміндегі қарызы бар екендігі туралы хабарландырған.

Ювеналды № 1сотында брифинг өткізілді

08/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Боранбаева Г.Ж     «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша Халықаралық келісімшарт нормаларын қолдану» тақырыбында  брифинг өткізді. Брифингке «Рудный Алтай» газетінің тілшісіЭ.Кунгурцев қатысты.

Судья өз сөзінде кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот актілерінің халықаралық келісімдер, пактілер негізінде жасалатынын атап көрсетті.

Алтын алқа» белгісімен марапатталған көп балалы анаға қатысты жеке қаулы шығарылды

08/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотына А.К.Садыковаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 бабы (Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша қозғалған әкімшілік іс түсті.

Сот отырысында аталған іс бойынша құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан өндіріс қысқартылды.

Зайсан аудандық сотында пилоттық жоба бойынша брифинг өтті

08/02/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев жергілікті баспасөз өкілдеріне Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында брифинг өткізді.

 Іс-шараға аудандық соттың судьялары  Г.С.Нуртазинова, Ш.О.Оспанова, Н.З.Хасенбаев, сот отырысының хатшылары, кәсіпқой емес медиаторлар, адвокаттар қатысты.

Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

08/02/2017

Бесқарағай аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы Бесқарағай  ауданы пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандардың қылмыс жасағаны үшін Н.Григорьев, Ж.Хамзин, А.Паламарчук, Р.Елтаевқа қатысты істері қаралды.                1966 жылғы 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісінің 6 бабы, 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес, әрбір сотталушы оған рақымшылық актісін қолдану құқығына үміттене алады

Заңсыз балық тасығаны үшін жауапқа тартылды

08/02/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 389 бабы 2 бөлігімен бір жылдың ішінде балықты заңсыз қайталап тасығаны үшін С.Карташовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Зырян қаласының тұрғыны Карташов , Көк-Жыра ауылында «Серік» ШҚ 1102кг мұздалған балықты құжатсыз сатып алып, Өскемен қаласына тасымалдаған. Жол бойында полиция қызметкерлерімен  ұсталған.

Оның іс-әрекеті сотпен заңсыз деп танылып, балық мемлекет пайдасына тәркілеп, Карташовқа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

08/02/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен Т.В.Столярованың Көкпекті ауданының әкіміне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдады деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс матермалдарында көрсетілгендей арызданушының анасы қайтыс болғаннан кейін мұра ретінде екі тұрғын үй қалған. Талапкер мұраны қабылдайтын алты ай уақытты өткізіп алған, себебі  6 ай уақыт өткеннен кейін ғана мұрагерлікке кіретінін қате пайымдаған. Бірақта заң бойынша мұраны рәсімдеуге натариусқа 6 айдың ішінде жүгіну керек.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді

08/02/2017

Бесқарағай аудандық сотында келе жатқан мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясы қарсаңында Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 25 қараша күнгі №416-V санды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талабына сәйкес өткізілетін аттестаттауға қатысты сот мамандарымен семинар-тренинг өткізілді.                       Кеңсе меңгерушісі Алимханова М.

«Елбасының жолдауын талқылау»

08/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында Елбасының Жолдауы талқыланды.

Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу

08/02/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 200 бабы 1 бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) Р.Анисимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Р.Анисимов алкогольдік масаң күйде ата-аналарының үйде жоқтығын пайдаланып, көлікті жүргізу мақсатында әкесінің рұқсатынсыз оның «ВАЗ 2121» көлігінің кілтін алып, үйден тысқары айдап кеткен. Жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Риддер қалалық сотында судьялық қызметін доғарған Ж.К. Баикенованың мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өткізілді

08/02/2017

Риддер қалалық сотында қызметін доғарған Ж.К. Баикенованың 80 жасқа толған мерейтойына байланысты салтанатты жиналыс өткізілді.

Салтанатты жиналысқа Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы, Риддер қаласының қалалық сот  ұжымы, Риддер қаласы Әкім аппаратының және қала прокуратурасының өкілдері қатысты.

Құттықтау сөздері айтылып, қызмет жылдарына деген ризашылық білдіріліп Ж.К. Баикеноваға сыйлықтар тапсырылды.

Экономикалық сот медиация келісімін бекітті

08/02/2017

Жеке кәсіпкер Козлов М. Г.  «Зырян – Сапа» ЖШС-не еңбек ақы бойынша қарызды өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сотқа талап арызды бергеннен кейін, тараптар дауды медиация тәртібінде  реттеу туралы келісімге келді және оны бекіту үшін сотқа ұсынды.

2017 жылдың 13 қаңтарында дауды сот медиациясы тәртібінде  реттеу туралы келісім жазбаша түрде ұсынылды және тараптармен қол қойылып, істің материалдарына тіркелді.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін қамауға алынды

08/02/2017

Семей қалалық сотымен сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілетін азамат іс бойынша  сот отырысына алкоголь иісімен келіп, оған қоса, сот процесіне қатысатынына қарамастан, өткен түні ішімдік пайдаланғанын айтты.

Құқық бұзушы осы іс-әрекеттерімен сотқа және басқа да сот процесіне қатысушыларға құрметтемеушілік көрсетіп, сот жүйесінің беделін түсіретін жағымсыз пікір тудырды. 

Медиация қолданыста

08/02/2017

Жарма аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының,  1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат Т. -ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы жаңа пилоттық жобаны талқылау бойынша баспасөз-маслихатын өткізді

08/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жоба» такырыбында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне  баспасөз-маслихатын өткізді.

          Татуластыру рәсімдері азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғайтын және дауларды реттейтін механизмдерді кемелдендірудің басты бағыттарының бірі болып табылады.

2016 жылдағы медиацияны қолдану нәтижелері

08/02/2017

Глубокое аудандық сотымен «2016 жылдағы медиацияны қолдану нәтижелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Глубокое ауданының кәсіби емес медиаторлары К.Ч.Конопьянова, Т.И.Глушкова, Г.Г.Валиев және Глубокое ауданының «Достық үйі» КМҚК-ның директоры Ф.И.Сатаева қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кәсіби емес медиаторлардың өткен 2016 жылы атқарған жұмысын талқылады.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

08/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Л.А.Побияха, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Сотталушы Ш-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы Ш. ас пышағымен жәбірленуші К. – ты  өлтірген. Әрі қарай, жасаған қылмысты жасыру мақсатында жәбірленуші П-ны өлтірген.