Архив событий

01/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер бойынша 2016 жылдың 12 айының қорытындысы жөнінде семинар өтті

01/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында кеңейтілген кеңес аясында  қылмыстық істер бойынша 2016 жылдың 12 айының қорытындысы  жөнінде  семинар өткізілді. Аталған шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен  судьялары қатысты.

Шараның модераторы ретінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М.Чакпантаев сөз сөйледі.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша 2016 жылдың 12 айының қорытындысы жөнінде семинар өтті

01/02/2017

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесте Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік және азаматтық істері туралы аудандық және оған теңестірілген соттардың төралары мен судьяларына арналған семинар өткізілді.

Шараның модераторы Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Ғ.Комиршинов болды.

Тарбағатай аудандық соты рақымшылық заңына сәйкес пробация қызметі ұсынысы негізінде екі сотталушыны өтелмеген жазадан босатты

01/02/2017

Тарбағатай аудандық сотында  ҚК-тің 189-бабының, 2-бөлігінің, 2-тармағымен, 190-баптың, 2-бөлігінің, 2-тармағымен айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, ҚК-нің 63-бабының негізінде пробациялық бақылау тағайындалған Қ.Мажреновты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық» Заңының 2-бабы 3 бөлігі 2 тармағына сәйкес, және ҚР ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігімен 1 жыл мерзімге  пробациялық бақылау тағайындалған  М.Кожаевты Аталған рақымшылық заңының 2-бабы 3 бөлігі 1 тармағына сәйкес жазадан босату туралы Тарба

Жаза мерзімі қысқартылды

01/02/2017

Риддер қалалық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру бойынша үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталған Е.Ғ.Қибатаевтың рақымшылық туралы актінің шығарылуына байланысты жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қаралды.

Өтінішті қарау барысында анықталғаны, сотталған ШҚО бойынша Риддер қаласының пробация қызметінде есепке тұрған, жазаның 1 ай 25 күнін өтеген.

«Сот отырыстарында дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдану»

01/02/2017

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Қайсанова және сот мамандарының қатысуымен «Сот отырыстарында дыбыс-бейне жазу жүйесін қолдану» атты тақырыбында семинар өтті.

Өз баяндамасында кеңсе меңгеруші А.К.Қайсанова, дыбыс-бейне жүйенің енгізілуі сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдетіп, іс-жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік туғызатындығын атап өтті.

Келісімшарт бұзылды

01/02/2017

Өскемен қалалық сотына П есімді азамат жеке кәсіпкер Л-мен жасалған келісімшартты бұзып, алдын ала төленген төлемді өндіріп беру жөнінде талап арыз түсірді.

Соттың шешімімен ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

01/02/2017

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Фаст Информ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Сот еңбек өтілді анықтады

01/02/2017

Өскемен қалалық сотымен еңбек өтілін анықтау туралы арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, арыз беруші 1970-1980 жылдары аралығында  жұмысқа қабылданған.

Еңбек кітапшасындағы мөрдің өшіріліп қалғанына және мұрағат қорындағы құжаттардың сақталмауына байланысты, еңбек өтілін растауға өзге мүмкіншілік болмағандықтан сотқа  жүгінген.

Өскемен қаласының №2 сотында қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді

01/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары С.Бекишева, Ж.Онғарбаева жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Судья  С.Бекишева өз сөзінде тілшілерге өзі төрағалық еткен Н.Рахметоваға қатысты қылмыстық іс бойынша айтып берді.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы шегiнен шығарылып жiберген

01/02/2017

«Шемонаиха» (теміржол) өткізу пунктісінде Ресей Федерациясының азаматшасы,  Қазақстан Республикасының аумағына 27.11.2016 жылы келіп заңда көрсетілген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуге тұрмаған.

Шемонаха аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясының азаматшасы ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде Қазақстан Республикасы шегiнен шығарып жiберу тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.    

  

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

01/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелекте толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе меңгерушісі Ш.Т.Нысаинов сот қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбында семинар өткізді.

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекіні сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/02/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен 3 әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, Зырян қаласының «Огонек» дүкенінің сатушысы М.Гурова,  «Луч» дүкенінің сатушысы Г.Андреева және «Охотник» дүкенінің сатушысы О.Полушкина 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекіні сатқан.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

01/02/2017

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)қарастырылған Б.Каденовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көкпекті ауданының №2 сотының үкімімен сотталушы Б.Каденовтан жәбірленушінің  пайдасына 2 260 000 теңге көлемінде материалдық залал өндірілген.

Сотта Б.Каденов бүгінгі күнге дейін атқару парағын орындамағандығы анықталды.

Ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін қайталап орындамауы

01/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 127-бөлігі 2-бөлігі бойынша яғни кәмелетке толмаған баланың оқуы және тәрбиесі бойынша ата-ананың міндеттернің орындамауы және бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданғаннан кейін қайтадан жасаған  Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, кәмелетке толмаған Л. әкесінің оны тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан, ұзақ уақыт колледждегі оқудан жалтарған.

Әкімшілік қадағалаудың ережелерін бұзған

01/02/2017

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 480-бабының, 1-бөлігімен (Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы) әкімшілік іс қаралды.

В.Коваленко 27.09.2016 жылғы Зырян аудандық сотының қаулысымен тағайындалған әкімшілік қадағалауында бола тұра, 2016 жылдың 26 желтоқсаны күні сағат 23.05 шамасында үйінде болмай,  әкімшілік қадағалаудың  ережелерін бұзған.

ЖКО кезінде материалдық залал келтіргені үшін айыппұл тағайындалды

01/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне (материалдық залал келтірген, көлік құралының бүлінуіне әкеп соқтырған, жүргізушілердің көлік құралын жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесінің бұзушылығы туралы) қарасты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Т.Бобкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Т.Бобко автокөлікті басқара отыра, дүкен тұрағының артқы жағымен шыға бергенде басқа автокөлікпен  соқтығысып, көлік иесіне материалдық залал келтірген.  

Зырян аудандық сотында «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

01/02/2017

Зырян аудандық сотында «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.        

Аталған шараға судья Е.М.Костубаев, БАҚ, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша полиция қызметкерлері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Азаматтық іс бойынша сот дауы тараптардың татуласуымен аяқталды

01/02/2017

Өскемен қалалық соты жеке тұлғалар арасындағы 400 000 теңге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.

Талап қоюшы «А»  жауапкер «В-ға» жоғарыда көрсетілген қарыз соммасын өндіру жайлы талаппен  сотқа жүгінді.

Жеке айыптау шағымы бойынша медиация қолданылды

01/02/2017

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 108-бабы, жеке айыптау шағымы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы) А.Бапсаловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, А.Бапсалов алкогольдік масаң күйінде бола тұра, жанжал кезінде көршісінің бетінен ұрған. Сот отырысында тараптармен медиация тәртібімен татуласу бойынша және қылмыстық істі тоқтату туралы  өтініш ұсынылды.

Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды