Архив событий

03/02/2017

2017 жылдың 5- ақпанында сот жүйесінің ардагері Жұмабике Қанашқызы Баекенова 80 жасқа толады

03/02/2017

Бұл кісінің өткен өміріне үңілсеңіз, еліміздегі мыңдаған қарттардікі сияқты - балалық шағы ашаршылық пен соғысқа, жеткіншек шағы соғыстан кейінгі жоқшылықпен қатар келген екен. Алайда, осыларға мойымай, тек қана алға ұмтылып, өздігінен білім алып, еліне ерінбей еңбек етіп, заң саласына 43 жыл өмірін арнапты.

Жұмабике Қанашқызы Баекенова Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха елді мекенінде дүниеге келген. Әке-шешесі қарапайым адамдар, темір жол саласында еңбек еткен.

Тараптар татуласты

03/02/2017

Күршім аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының,  1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапат сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

03/02/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға соттың мамандары мен Катонқарағай ауылының мекеме өкілдері қатысты.

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

03/02/2017

Бесқарағай аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) бойынша азамат К. Сабырхановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                    

Сот отырысы барысында анықталғандай, К.Сабырханов алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталған және медициналық куәландырудан өткізілген.                             

Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

03/02/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған Н.Огнёваға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқықбұзушының кәмелетке толмаған қызы белгісіз себептермен мектепке 33 күн, яғни жүз тоқсан сегіз сағат сабақ босатқаны анықталған.

Айыппұл салынды

03/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының, 1-бөлігімен (ішкі істер органының қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау)  азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат Ж., Күршім-Үлкен Нарын тас жолында автокөлікті басқаруға құқығы жоқ бола тұра көлікті басқарып, ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Тыйым салынған құралымен балық аулағаны үшін айыппұл тағайындалды

03/02/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы, 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу)әкімшілік іс қаралды.

Еңбек өтілін анықтау туралы арыз қанағаттандырылды

03/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында азамат «Н»-ның нақты еңбек өтілін анықтау үшін азаматтық іс қаралды.

Өз арызында азамат «Н» 1996-1999 жылдары Большенарым  ауданының  «Теректі»  шаруа қожалығында жұмыс атқарғанын  көрсеткен, бұл жазбалар еңбек кітапшасында Большенарым ауданының мөрімен бекітілген  және өзгертуге келмейді,  өйткені  ол аудан таратылып  «Теректі » шаруа қожалығы өз жұмысын тоқтатқан.

 Сот отырысы барысында, сот істің мән-жайын зерттеп, куәгерлерді тыңдап, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

Сот залынан

03/02/2017

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  азамат Е. Колбинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Е. Колбин 2016 жылдың күзінде Курчатов қалалысының шет шағындағы бақшалардың бірінде, Ертіс өзенінің жағасында жабайы марихуананы  жинап алып, кептіріп, кептірілген марихуананы саяжайда заттардың арасына жасырғаны анықталды.

Рақымшылық туралы Заң қолданыста

03/02/2017

ШҚО Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімімен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған С.Г.Заякиннің,  ҚР ҚК-нің 156-бабы, 3-бөлімімен 3 жылға   бас бостандығын шектеуге сотталған Д.Ю.Сигачевтың,  190-бабының, 2-бөлімі, 1-тармағымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған Н.М.Тельтаевтың рақымшылық жасау туралы акт шығарылуына байланысты жазадан босату туралы өтініштері қаралды.

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекі сатқаны үшін жауапқа тартылды

03/02/2017

Риддер каласының мамандандырылған әкімшілік сотында,  жасы  он сегізге толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапқа тартылған С.С. Тенекеневқа қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Дүкенде сатушы болып жұмыс атқаратын С.С. Тенекенев, кәмелетке жасы толмаған тұлғаларға темекі өнімі сатуға  жол берген.

Сот қаулысымен С.С. Тенекенев  ӘҚБтК-нің 133-бабы, 1-бөлігі  бойынша кінәлі деп танылып, оған  20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде   әкімшілік айыппұл салынды.

Көлік құралын басқару құқығынан 6 жылға айырыла отырып, қамауға алынды

03/02/2017

Ұлан аудандық соты ӘҚБтК-нің  608-бабы 4-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы,  әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К.Бағдалхан  бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, алкогольді ішімдік ішкен күйде  көлікті басқарған.

Сот, оған 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып,  15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты сот жеке ұйғарым шығарды

03/02/2017

Семей қалалық соты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына байланысты жаңа даулар туындамас үшін жеке ұйғарым шығарды.

Сот отырысының барысында, еңбекақыны уақытында төлеу бойынша «АТП № 2» ЖШС-нің тарапынан еңбек заңнамасының талаптары бұзылғандығы анықталған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.

Өскемен қаласының тұрғындарының көліктеріндегі заттарға қатарынан ұрлықтар жасалды

03/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлігі 1,2,3, тармақтарымен  (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру,адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен,бірнеше рет,тұрғын,қызметтік немесе өндірістік үй-жайға,қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен;) қылмыс жасаған А.Мусинов, А.Шипиловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс татуласу арқылы реттелді

03/02/2017

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 131-бабының, 1-бөлігімен айыпталған Ш.А.Накисбековаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында Ш.А.Накисбекованың жәбірленушімен араларындағы  араздығына байланысты қоңырау шалып, жағымсыз сөздермен қорлағаны анықталды. Істі қарау барысында жәбірленуші айыпталушымен татуласты.

Тараптар сотқа татуласу жөніндегі келісімін ұсынды, сол себепті іс қысқартылып, Қылмыстық кодекстің 68- бабына сәйкес айыпталушы тұлға жауапкершіліктен босатылды.

ҚХР азаматы әкімшілік қамаққа алынды

03/02/2017

Зайсан аудандық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлікті айдап кету

03/02/2017

Семей қаласының №2 сотымен Э.Е.Боббқа қатысты ҚК-нің 200-бабының, 1-бөлігі бойынша автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) туралы қылмыстық іс қаралған.

Іс материалдарына сай Э.Е.Бобб «Магия» автокөлік жуу орталығында жұмыс істей тұра «Ауди А6» маркілі автокөліктің кілтін алып, қыдырып келу мақсатымен көлікті айдап кеткен. Алайда ол көлікпен кедергіге соқтығысып, жәбірленушіге елеулі нұқсан келтірген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының Төрағасы жас судьялармен кездесті

03/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров  «жас» судьялармен кездесті. Кездесуге екі жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялар қатысты.

Кездесу  барысында облыстық сот төрағасы жас судьяларды,  судьяларға деген халықтың сенімін арттыру және сот билігінің беделін нығайтуға бағытталған Судьялық әдеп кодексінің талаптарын сақтауға назарларын баса аударды.

Семей қалалық соты тағы да көшбасында

03/02/2017

Семей қалалық соты үшінші жыл қатарынан үздік соттардың көшбасшылардың бірі болып табылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Н.Абдықадыров 2016 жылдың қорытындылары бойынша өткен кеңейтілген кеңес аясында Семей қалалық сотының ұжымына облыс бойынша бірінші орынға ие болғанына құрмет грамотасын табыс етті.

Алкоголдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

03/02/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде  басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң  күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша А.Қуанышевке қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  А.Қуанышев  алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгені анықталды. 

«Судьялардың VII съезінде белгіленген негізгі бағыттар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

03/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар «Судьялардың VII съезінде белгіленген негізгі бағыттар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға ювеналды сотының судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Семей қаласының әкімдігінің, прокуратура, Ішкі істер басқармасы мен адвокутара өкілдері қатысты.

Сот төрағасы кездесуді ашу барысында: «Судьялар съезінде соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің даму барысы қорытындыланып, стратегиялық бағыттары айқындалды», - деді.

«Медиация Заңын насихаттау» тақырыбына семинар өткізілді

03/02/2017

Үржар аудандық сотымен ауылдық округтің медиация кабинетінде «Медиация Заңын насихаттау» тақырыбына  семинар өткізілді. Семинар жұмысына кәсіпқой емес медиаторлар С.А.Жексембаев, М.Х.Саркулов, Үржар ауданы әкімі Аппаратының  өкілі  А.Турлиева, «Уақыт тынысы» аудандық газетінің  тілшісі, Үржар ауылдық округінің әкімі С.О.Шарықбаев және мамандары қатысты.