Архив событий

13/02/2017

Қолхатқа басқа тұлға қол қойса ?

13/02/2017

Жауапкер И-ға қатысты қолхат бойынша 300 000 тенге көлеміндегі қарызды өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.

Істі мәні бойынша қарау барысыңда, жауапкер тарапымен қолхаттың жазылуы дауланғанына байланысты, сотпен соттық-жазба сараптамасы тағайындалған болатын. Соттық-сараптамалық қортындыға сәйкес, жауапкердің атынан қойылған қол жауапкердікі емес болып шыққаны туралы баяндалған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

13/02/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Марқакөл полиция бөлімінің басшысы Б.Байжуманов және басқа да ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова өзінің сөзінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын атап өтті.

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/02/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының судьясы А.М.Амреева «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Көкпекті ауданының прокурорының көмекшісі А.Шарапиев, адвокат Т.Бозаканов, Көкпекті ауданының  № 2 пробация қызметкері К.Меткенов және сот қызметкерлері қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже талқыланды

13/02/2017

Бесқарағай ауданының Үлкен-Владимировка орта мектебінде Бесқарағай ауданының әкім орынбасарының, әкімдік өкілдерінің, кәсібі және кәсібі емес медиаторлардың, аудандық прокуратураның, заң кеңсесінің адвокаттарының, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі талқыланды.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

13/02/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған Ю.Кранға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқықбұзушының кәмелетке толмаған қызы дәлелсіз себептермен білім беру мектебіне 30 күн, яғни жүз жетпіс жеті сағат сабақ босатқаны анықталған.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

13/02/2017

Глубокое аудандық сотының судьялары А.Рахимжанова және Ә.Болатовамен«Теплоэнергия» МКК-ның басшылары мен халықпен жұмыс жүргізуге бекітілген инспекторлардың және «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің қатысуымен  «Даулардың  жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды)медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесін талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

13/02/2017

Зырян аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында Аграрлық-техникалық колледжінің студенттері сот төрағасы А.Е. Исмагуловпен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болды. Сонымен қатар, студенттер сот органдарының қызметіне қатысты сұрақтарына жауап алды.

Партисипативтік тәртіпте келісім бекітілді

13/02/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында мұрагерлік құқығы куәлігін жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта іс қарау барысында тараптар партисипативтік тәртіпте татуласып, келісімге тараптармен қол қойылып, сотқа тапсырылды.

Сот ұйғарымымен дауды партисипативтік келісім тәртібі арқылы бекітіп, іс бойынша өңдіріс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Ұлан ауданының № 2 аудандық

 сотының баспасөз қызметі

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

13/02/2017

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Л.Шумиловаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Федерациясы азаматы Л.Шумилова  Зырян қаласы Интернациональная  көшесі 5 үйінде уақытша тіркеліп,  алайда осы көшенің 4 үйінде ұрып жатқандығы анықталған,  яғни ол, Қазақстан Республикасының  халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

«Салтанатты түрде медиаторларды марапаттау»

13/02/2017

Марқакөл ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының медиация кабинетінде Күршім ауданының № 2 сотының төрағасының м.а. С.Жүніспекова кәсіпқой емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы өңірдегі медиация институтын дамытуда  әрбір медиатордың қосқан еңбегі мен үлесі өте зор екендігін атап өтті.

Әрбір медиация тәртібімен тоқтатылған іс 2016 жылы тараптармен белсенді жұмыс атқарған медиаторлардың еңбегінің жемісі мен көрінісі болып табылады.

Жаңа пилоттық жоба

13/02/2017

Көкпекті ауданының № 2 сотының сот приставы Р.Суйеукенов «Достық үйі» ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде  «Жаңа пилоттық жоба» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26-қаңтардағы № 6001-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібен сотқа дейінге реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен» таныстырды.

Катонқарағай аудандық сотында пресс-конференция өткізілді

13/02/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жоба» тақырыбында БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өтті.

Конференцияны аша отырып, сот төраға Б.Т.Секербеков Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасының ережесін түсіндіріп, пилоттық жобаны бекіткендігінін атап өтті.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Б.Катишевқа қатысты ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігімен, яғни  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттержасағаны үшін  жауапқа тарту туралы әкімшілік іс қаралды.

Б.Катишев спирттік ішімдік ішкен мас күйінде жан-жал шығарып, жұбайына балағат сөздер айтқан.

Сот мәжілісінде тараптар кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен татуласқандарын айтып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді сотқа табыс етті.

«Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өткізді

13/02/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының жетекші маманы Қ.ҚуатовКөкпекті ауданының Самар полиция бөлімінде «Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өткізді.

Аталған шараға бөлім қызметкерлері мен участкелік инспекторлар қатысты.

Дәрістің негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айту.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

13/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1- бөлігімен / жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, көлік құралдарын бүлдіріп, материалдық залал келтірген/  азамат  Т.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Даулардың жекелеген санаттары бойнша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» атты тақырыпта семинар сабағы өтті

13/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойнша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

«Сот кабинеті» арқылы құжаттарды тапсыру тәртібі

13/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова, Шығыс  Қазақстан  облысының адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» арқылы талап-арыз беру тәртібі тақырыбында семинар өткізді.

Кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова өз сөзінде, электронды ақпараттық технологияларды қолдану соттарды оптимизациялаудың басты бағыттарының бірі, сондай-ақ сот төрелігінің максималды тұрғыдағы жариялығы болып табылатынын айтып көрсетті.

Студенттер сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану жұмыстарымен танысты

13/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотындаС.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерініңқатысуымен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану туралы семинар өткізілді.

Өскемен қаласының тұрғыны жасаған екі қылмысы үшін кінәлі деп танылды

13/02/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 191 бабы бөлігі, 188 бабы 1 бөлігімен (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыс жасаған К.Ивановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Заңды күшіне енген шешімді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

13/02/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен заңды күшіне енген шешімді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз қаралды.

ҚР АПК 455 бабы 2 бөлігіне сәйкес,  туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді  жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер болып табылады.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

13/02/2017

Ұлан ауландық сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарысы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Калиевқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, С.Калиев өзінің басқаруындағы автокөлігімен жолдың жүру бөлігінің ортасында трамвай желісі бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда, трамвай желісінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, автокөлік басқарған.

Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

13/02/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында, медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны  түсіндіру мақсатында  дөңгелек үстел өтті.

21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнімді өткізгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/02/2017

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200 бабы 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Зырян қаласында орналасқан «Меруерт» дүкенінің сатушысы И.Козлова 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқандығы анықталды.

Халықпен кездесу өткізілді

13/02/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық соты төрағасының м.а С.Жүніспекова жұмыс жоспарын орындау шеңберінде Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округының тұрғылықты халықпен сұрақ-жауап түрінде кездесу өткізді.

Он сегізжасқа толмаған адамға темекі сатқаны үшін айыппұл салынды

13/02/2017

Зырян аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен 2әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, Зырян қаласының дүкендерінің сатушысы А.Белякина және Н.Нечепуренко  18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі сатқан.

Ювеналды № 1 сотында дөңгелек үстел өткізілді

13/02/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы С.М Тутканбаева «Ата-аналар арасындағы дауларды шешуде адвокаттар мен медиаторлардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге кәсіби медиаторлар А.АКаленова, Т.З. Танекенова,А.О Жұмағұл және ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар пилоттық жобаны іске асыру бойынша семинар өткізді

13/02/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбындасудьяларға, қорғаншылық және қамқоршылық, прокуратура,  адвокатура,  ювеналды полиция өкілдеріне және медиаторларға семинар өткізді.

Экономикалық сотта «Медиация» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

13/02/2017

Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауы заңгерлерді дайындауға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрамдас бөлігін, олардың құқықтық қолданыс тәжірибесі мен байланысын күшейтуге, студенттердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының осындай қағидаларының бірі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен 2017 жылдың 9 ақпанында ашық есік күнін өткізу болып табылады.