«Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында сот мамандарына арналған «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Ж.А.Еренбақов «Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1-ақпанындағы  № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында 2011 жылдың 29 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жайлы ақпаратты сот мамандарының назарына жеткізді.  

Семинар барысында мемлекеттік тілдің ролі мен маңызы жайлы, мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатқан әрбір азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі екендігі туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. 2017 жылдың қаңтар айында сотқа жалпы 852 құжаттар келіп түскен, оның ішінде қазақ тілінде 396 құжат келіп түскен, яғни, бұл көрсеткіш 47 пайызды құрайды. Сотпен жолданатын шығыс құжаттардың барлығы және ішкі құжаттар толық мемлекеттік тілде дайындалған, яғни 100 пайызды құрайды.

Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша өзге де мәселелер бойынша пікір алмасты. 

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі