Азаматтық іс бойынша сот дауы тараптардың татуласуымен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының №2 соты жеке тұлғалар арасындағы 20 000 теңге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.

Талап қоюшы   жауапкерге жоғарыда көрсетілген қарыз соммасын өндіру жайлы талаппен  сотқа жүгінді.

Сот қарауы барысында тараптар сотқа, екі тарапта қол қойған бітімгершілік келісімін ұсынды.  Оның шарты бойынша жауапкер белгіленген уақытта талап қоюшыға 20 000 теңге қарыз соммасын төлеп беруге міндеттелді, ал талап қоюшы өз кезегінде жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабынан бас тартып, істің қысқартылуына қарсы еместігін көрсеткен.

Сот  бітімгершілік келісімін бекітіп, сол себепті талап қоюшының 200 теңге көлемінде төлеген мемлекеттік баж түріндегі сот шығынын қайтарып, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

 

Үржара уданының №2 сотының

баспасөз қызметі