Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 106-бабы, 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыс жасаған Е.Поповаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Е.Попова алкогольдік ішімдік ішіп алып, нәтижесінде сөзге келіспей, балғамен қатысушылардың біріне дене жарақатын жасаған. Сараптаманың қорытындысы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені анықталды.

Сот үкімімен Е.Попова денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, Е.Поповаға амбулаторлық психиатрда маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде қадағалау және емдеу тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

 баспасөз қызметі